Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
2 – ге көбейту кестесі
Тақырыбы: 2 – ге көбейту кестесі
Математика 2 сынып

[b]Сабақтың тақырыбы: 2 – ге көбейту кестесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың көбейту туралы білімдерін тереңдету және сандарды 2 – ге көбейтуге берілген тапсырмаларды орындау.
Дамытушылық: ойлау, есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойындар, әңгімелеу, саяхат.
Сабақтың көрнекілігі: флипчарт, бейнеролик, суреттер, қима - қағаздар

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (5 мин)
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту ( 4 мин)
ІҮ. Жаңа сабақ (25 мин)
Ү. Сабақты бекіту (6 мин)
ҮІ. Үйге тапсырма (1 мин)
ҮІІ. Бағалау (1 мин)

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
ә) оқу – құралдарын алғызу
б) назарын сабаққа аудару
в) психологиялық дайындық
Қане біздер ойлайық.
Ойымызды жинайық.
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық.

- Бүгінгі сабағымыз ерекше. Сабақта саяхатқа шығамыз. Сабақта алған білімдерімізді ортаға саламыз. Саяхатқа дайындық жүргізу ретінде алдымен үйге берілген тапсырманы тексеріп алайық.
- Үйге қандай тапсырма берілді?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 266 бет, № 8
302 кг = 3 ц 2кг
45 дм = 4 м 5 дм
128 кг = 1 ц 28 кг
246 см = 2м 4дм 6см
3 м = 300 см
6м 7дм= 670дм
(әр топтан бір оқушыдан шығып, тақтада ілінген плакатқа тапсырманың дұрыс жауабын жазады)

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
- Балалар мен сендерге бейнекөрініс көрсеткім келіп отыр. Мұқият зейін қойып тамашалайық.
«Табиғаттың көктемгі тынысы» атты бейнекөріністен үзінді көрсету.
- Балалар, көктем мезгілі несімен ерекше?
- Көктемде қандай өзгерістер болады?
( балалардың жауаптары тыңдалады)
- Олай болса, көктемнің алғашқы әсем гүлі бәйшешек гүлін тергілерің келе ме?
«Бәйшешек гүлін теру» ойыны арқылы 2 санының көбейту кестесін еске түсіру
( әр топ кезекпен тақтаға шығып, бәйшешек гүлін тереді және артына жазылған көбейтіндінің мәнін табады)
2 * 1 =2
2 * 2 =4
2 * 3 =6
2 * 4 =8
2 * 5 =10
2 * 6 =12
2 * 7 =14
2 * 8 =16
2 * 9 =18
2* 10 =20
- Міне балалар, енді біз саяхат жасауға дайынбыз. Біз бүгін «Көктемгі орманға саяхат» жасаймыз.
- Орманда қандай аңдар бар екен, олардың көктемгі тіршілігі қандай екенін байқайық. Орманда бізге көптеген тапсырмалар мен есептер кездеседі. Ал сендер оларды орындауға дайынсыңдар ма?
- Жақсы, ендеше саяхатқа немен шығамыз деп ойлайсыңдар? (автобуспен)
«Ынтымақ автобусы» біздің саяхатқа баратын көлігіміз. Көлік сапарға дайын. (суретін тақтадан көрсету)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама