Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Жақшалы өрнектер
Сабақтың тақырыбы: Жақшалы өрнектер
Сабақтың мақсаты:
1. Жақшалы өрнектерді жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру, жақшалы өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібімен таныстыру
2. Оқушылардың есептеу дағдыларын жетілдіру
3. Оқушыларды ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, туған жерінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Құндылық: сүйіспеншілік
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, көрнекілік, ізденушілік, ойын, құрастыру
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, жапырақтар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Бүгін бізде ерекше сабақ. Сендердің әсем күлкілеріңнен сынып іші нұрлы шуаққа толғаны анық.
- Кәне, осы сабақты бір бірімізге күлімдеп бастасақ қайтеді?

II. Психологиялық дайындық
Біз қандаймыз қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Еш уайымды білмейміз.
- Балалар, қазір қай мезгіл?
- Табиғатта қандай өзгерістер болуда?(Ағаштың жапырақтары сарғайып жерге түседі, күн суытады, көкөніс жиналады, қысқа жеміс сақтайды, аңдар қысқа дайындалады, құстар жылы жаққа ұшады.)
- Өте жақсы.
- Бүгінгі математика сабағын күз мезгіліне, әсем табиғатымызға байланыстырып өткіземіз.
- Ендеше барлығымыз тақтаға қараймыз да ай күнді жазамыз.
- 32 санын көркем жазамыз.
- Осы санды ондықтар мен бірліктердің қосындысы түрінде ата.
III. Үй тапсырмасын тексеру
- Балалар, алдымен үй тапсырмасына шолу жасап алайық. Санның құрамын қайталау
Ойын: Математикалық есептерді шешу арқылы балық аулау

IY. Жаңа сабақ
Мұғалім:
Бүгінгі сабағымызды ерекше көңілмен бастау үшін көзімізді жұмып, мына әсем әуеннің сазына құлақ түрейік. (Әуен ойнайды) «Жасыл дала, құлпырған қып - қызыл гүлдер, сарқырап аққан мөп - мөлдір су, жайқалған ағаш, ашық аспан, жарқырап күлімдеген күн сәулесі». Осы сезімге беріле отырып, көзімізді жаймен ашайық.
Оқушылар қандай көрініс көріп тұрмыз? Әсем табиғат
Әсем табиғатымызды, суымызды таза ұстасақ ауа да таза болады. Таза ауамен дем алсақ, денсаулығымыз да мықты болады.
Жолдау.
Міне оқушылар Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында: «Қазақстан ауасы таза, суы - мөлдір, жасыл желекке айналуы тиіс», - деген болатын.
- Балалар, біз даламызды жасыл желекке айналдыру үшін қандай үлес қоса аламыз?
- Қоқыстан тазалаймыз, ағаш отырғызамыз, гүл егеміз.
Ендеше, балалар, табиғатымызды таза ұстап, қамқорлыққа алу, гүлдер егіп, даламызды жасыл желекке айналдыру - болашақ ұрпақ сендерге байланысты.
Сондықтан өз үлесімізді қосайық...

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама