Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Ақпараттар әлемі
Сабақтың тақырыбы: «Ақпараттар әлемі» сайысы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне болған қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа баулу.

Ақпараттану күнбе-күн
Өрге басып келеді.
Таппай іздеп жүргенің
Компьютерге енді.
Интернетке қосылу
Бір – ақ жұмыс керегі!
Барлық пәндер жазылып,
Дискілерді тұрады
Кезекпенен ағылып,
Экранға шығады,
Тілін білген мамандар
Қырын, сырын біледі!
Компьютер – сенің көмекшің
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың – деп отырып, сайысымызды бастаймыз!
Армысыздар, бүгінгі сайысқа жиналған информатиканы сүюші қауым, ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді " Ақпараттар әлемі " не шақырамыз.
Олай болса сайысымызды бастаймыз.
Ал, оқушы, ұстаздар
Ортаға назар салайық
Сайыскерлер шықпақ сайысқа
Қол соғып қарсы алайық

І. « Интернет» тобын ортаға шақырайық
ІІ. « Компьютер» тобын шақырамыз
Нақты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда,
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары әділ шықты.
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты – дей отырып, әділ қазы мүшесімен таныс болайық.
Әділ қазы алқасы мен таныс болдық, енді сайыс кезеңдерімен танысайық.

Бүгінгі сайысымыз 7 – кезеңнен тұрады.
1 – кезең. Ақпаратты беру
2 – кезең. Ақпаратты табу
3 – кезең. Ақпарат әзілі
4 – кезең. Ақпарат алмасу ( Көрермендер қоржыны )
5 – кезең. Ақпаратты сәйкестендіру
6 – кезең. Ақпаратты өңдеу
7 – кезең. Ақпаратты жеткізу

Әр кезең біткен соң әділ қазы алқасы топтарға ұпай санын береді, жоғарғы ұпай 5, төменгі ұпай 3.
Алдағы біз баратын бағыт анық,
Озат жан екеніңді тағы таныт,
Информатика әлеміне аяқ басып,
Компьютер тілінде біз жарысалық – дей отырып, сайыскерлерге сәттілік тілейміз, бірінші кезең таныстыруды бастаймыз.
1 – кезең. «Ақпаратты беру»
І. «Интернет» тобын ортаға шақырайық
ІІ. «Компьютер» тобын шақырымыз
Бұл кезеңнің шарты бойынша әр топ өзін таныстырады.

2 – кезең. «Ақпаратты табу»
Білімнің ұшқырлығын танып келген
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр
Тапқырлық пен шапшаңдық қажет екен – деп, келесі «Ақпаратты табу» атты кезеңімізді бастаймыз. Топтарға информатика сабағы бойынша жұмбақтар жасырылады. Ал қанеки олай болса екінші кезеңімізді бастаймыз.
1 - жұмбақ
Екі батырмалы,
Бір бұрандалы.
Жалғыз өзі - ақ,
Сансыз іс тындырады. (Тышқан )
2 - жұмбақ
Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан. (Компьютер )
3 - жұмбақ
Биологияда бұл паразит
Көзге зорға көрінер
Информатикада өлшем бірлік
Ақпаратты өлшейтін (Бит )
4 - жұмбақ
Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қағаз - қаламсыз. (Пернетақта )
5 - жұмбақ
Бар құрылғы әркім білмес,
Ғаламтормен байланыстырар.
Телефонға жалғанып ап,
Ақпаратпен алмастырар (модем )
6 – жұмбақ
Әдетте үнсіз тұрамын
Белгі берсең ұғамын
Жазуы бар қағаздың
Құралы боп шығамын (принтер )
7 - жұмбақ
Компьютердің айнасы
Бағдарыңды таңдашы
Сурет пен сөзін көрсетіп
Тиер саған пайдасы (монитор )
8 - жұмбақ
Барлық сурет, мәтінді
Компьютерге енгізген
Керек емес жерін де
Компьютерден өшірген (сканер )
9 - жұмбақ
Қысы – жазы шешпейтін,
Көйлегі бар жасылдан.
Өзгертпейді еш кейпін
Жаралғандай асылдан. (шырша )
Әділ қазылар алқасынан 2 – кезең бойынша сайыскерлердің ұпай сандарын білсек.

3 – кезең. « Ақпарат әзілі»
Қиындықтан өткізер
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың – дей отырып «Ақпарат әзілі» атты кезеңімізді бастаймыз. Бұл кезеңде сайыскерлеріміздің үй тапсырмалары бойынша информатика әлеміне байланысты дайындап келген көріністерін тамашалайық.
Әділ қазылар алқасынан 3 – кезең бойынша сайыскерлердің ұпай сандарын білсек.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама