Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Алғашқы қоңырау
3 - сынып Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Алғашқы қоңырау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушылардың мектеп туралы білімдерін кеңейту, мектептің білім ордасы екендігін ұғындыру, сабақтан тыс мезгілде білімін тереңдететін үйірмелерге мүше болуға үйрету.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың саналы ойлау қабілетін, қиял - елесін дамыту, білімді меңгеруге психологиялық дайындығын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты: Қазақ халқының салт - дәстүрлерін насихаттау, мектеп өмірі ережелерін сақтауға тәрбиелеу, мерекелердің тәрбиелік мәнін түсінуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Географиялық карта, суреттер (қоңырау, сәби, Ы. Алтынсарин, Ғ. Қайырбеков), тірек сызбалар, графикалық диктант үлгісі, үнтаспа, бейне таспа, қоңыраушалар

Сабақтың әдісі: а) ақпараттық технологияны пайдалану (графопроектор)
ә) индуктивтік әдіс (жалқыдан - жалпыға қарай)
б) сатылай комплексті талдау әдісі ( НұршаАлжанбайқызы )
в) қиял - елесін дамыту технологиясы ( Гатанов әдісі)
б) СТО технологиясы (Қазақстан - Сорос)
Сабақтың түрі: Комбинацияланған көрнекі сабақ

Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Үй тапсырмасын тексеру
«Сыйластыққа себеп көп» әңгімесінің мазмұнын СТО технологиясы бойынша жинақтау.

Қызығушылығын ояту
Үнтаспадан жаңа туылған сәби үні естіледі: «Сүйінші, сүйінші! Аманжан інілі болдың! («Адай» күйі орындалады)
(Сәби суреті тақтаға ілінеді.)
Оқушының қиял - елесін дамыту (Гатанов әдісі)

- Міне, жарық дүниеге сәби келді! Енді осы кішкене сәбидің біздерге ала келген тапсырмалары бар екен, соларды орындайық.

Қоңыраудың суреті
Тілашар
Сүндет той
Тұсау кесер
Бесікке салу
Шілдехана
Сәбидің суреті

(Қоңырау үні естіледі)
Сергіту ( А. Меңжанованың «Қоңырау» әні)
Жаңа сабақты меңгерту

Ой қозғау
Алғашқы қоңырау туралы оқушылардың білетіндерін ортаға салу.
2 - сыныпта өткен Ғ. Қайырбековтың «Алғашқы қоңырау» өлеңін еске түсіру.
- Бұл өлең кімге арналған?
- ( оқушы жауаптары)
- Ыбырай атамыз туралы не білеміз?
- (Қазақ жерінде алғашқы мектеп 1864 ж. Торғайда ашылған).
Мұғалімнің қорытынды сөзі ( Географиялық картаны пайдалану )

Мағынаны тану (Оқулықпен жұмыс)
а) оқушыларға мәтінді оқыту.
ә) Сұрақ - жауап ( оқушы санасындағы ақпаратты анықтау)

Мәтінмен жұмыс
а) Мәтіннен лепті сөйлемдерді тапқызу.
ә) Мәтіннен оқушының міндеттері туралы айтылған жолдарын тауып оқу.

Дәптермен жұмыс
а) Ауа - райын бақылап жазу.
ә) Графикалық диктант (V - иә - жоқ)

Сабақ оқиды, тісін жуады, есеп шығарады, үзіліске шығады, ыдыс жуады,
тақтаға жазады, кітапханаға барады. (Балалар бірін - бірі тексереді.)

Сабақты бекіту
Сатылай комплексті талдау.
Қоңырау суреті
----------------------- мектеп
-------------------------- сынып
------------------------------ ұстаз
-------------------------------- білім аламыз
---------------------------------- тәрбие аламыз
---------------------------------------- мектеп өмірімен танысамыз

- Біздің еліміз қалай аталады?
- Елбасымыз кім?
(Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы туралы қысқаша түсінік беру).
- Біздің қаламызда қай шағынауданда жаңа мектептер ашылды?
- Тағы қай шағынауданда жаңа мектептердің құрылысы басталды?
- Міне, біздің елімізде жыл сайын мектептер ашылуда. Алғашқы қоңырау үні көбеюде. Балалардың білім алуына жақсы жағдай жасалуда.

Жалпы қорытындылау
Үйге тапсырма
Өмірлік тапсырма: Білім ордасы мектепті әрқашан қадірлеңдер!

Күнделікті тапсырма: 113 - 114 беттерді оқу
«Алғашқы қоңырау - өмір қоңырауы» тақырыбында әңгіме жазып келу.
(шығармашылық тапсырма)
Бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама