Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Мерекелік ашықхат дайындау
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Құрастыру
Тақырыбы: «Мерекелік ашық хат дайындау»
Мақсаты: Күз мезгілі туралы, күз мерекесі туралы түсінік беру. Балалардың ашық хат жасау арқылы қиялын, есте сақтауын, ой - өрісін, сөздік қорын дамыту.
Балаларды шапшаңдыққа, ептілікке, әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қоян кейіпкері, үлестірмелі материалдар, жұмыстың үлгілері.
Әдіс - тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, мадақтау.
Сәлемдесу: Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Бас иеміз баршаға
Құрметпенен біз
Балалар жарты шеңбер болып тұрады. Тәрбиешінің қолындағы жүрекшені кеуделеріне қоямыз. Енді маған қараңдаршы, мына ғажайып жүрекшеге оң қолымызды қояйықшы, жүрегіміздің соғысын сезінеміз бе?
- Ия!
- Ендеше, жүрегімізден шыққан жылы сөздерімізді айтамыз.
- Еліміз тыныш болсын!
- Нанымыз көп болсын!
- Досымыз көп болсын! т. б.
Жұмбақ жасыру: Ырыс дәулет көзімін
Берекенің өзімін.
- Балалар жұмбақтың жауабы не, білеміз бе? Балалар жұмбақтың жауабын табады. (Есік қағылады)
- Балалар біреулер есік қағып тұр ма? (Қоян кіреді)
Қоян: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге сонау алыс жерден қонаққа келдім. Менің тапсырмамды орындайсыңдар ма? (Қоян себетін беріп кетеді)
Тапсырма: Күз мерекесіне ашықхат дайындауға көмектесіңдерші, достарым.
- Балалар, қоянның тапсырмасы күз мезгіліне байланысты екен. Айтыңдаршы, күз мезгілінде қандай ерекшеліктер бар?
- Күн суытып, жапырақтар сарғайып, түсе бастайды. Алтын күз мерекесі болады. Барлық жеміс - жидектер піседі.
- Жарайсыңдар, балалар! Ендеше қоянға ашықхат жасауға көмектесейік. Мен сендерге қалай жасау керектігін көрсетейін.(Жасалу жолын түсіндіріп, көрсету. Балаларға көмектесу)
Сергіту жаттығуы: Жел улейді у - у - у
Құйын келіп билейді зу - зу - зу
Қатты - қатты жел соқты
Жапырақтар қол соқты
- Қане ашық хатымыз дайын болса, қолымызды көтеріп көрсетейік.
(Есік қағылып, қоян кіреді)
- Достарым, сендерге рахмет! Сендерге сыйлығым бар.
Балалар: Қол ұстасып тұрайық
Әсем әнге салайық
Көріскенше күн жақсы
Сау - саламат болайық!
Күтілетін нәтиже: Білуі: Күз мезгілінің ерекшеліктерін атап айта біледі.
Меңгеруі: Қағаздан ашықхат жасауды үйренеді.
Жасай алуы: Бүктеуге, желімді пайдалануға, ұқыпты жұмыс жасауға талпынады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама