Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қозыкүрең
Сабақтың тақырыбы: «Қозыкүрең»
Сабақтың мақсаты. Білімділік: өтілген тақырып бойынша алған білімдерін жинақтап бекіту;
Дамытушылық: оқушыларды адал достыққа, сыйластыққа, мәрттікке тәрбиелеу, баулу;
Тәрбиелік: ой - өрісін, тіл байлығын дамыту, ұтқырлыққа баулу.
Әдісі: сұрақ - жауап, іздендіру.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы.
Көрнекілігі: кеспе қағаздары, сызба

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу. Сынып тазалығын, сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Қабдеш Жұмаділовтың өмірін сұрау (хронологиялық кестені толтыру)
Жыл Болған оқиға
1936 Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген.
1956 Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, ҚазМҰУ - дың филология факультетіне оқуға келеді. Алайда 2 - курстан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылады.
1958 - 1962 Қытайда қуғын - сүргінге ұшырайды
1962 Қытай шекарасын бұзып өткен қазақ көшімен бірге ата мекенге қайтып оралып, оқуын қайта жалғастырып, 1965 жылы бітіріп шықты.
1965 - 1967 «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет етті
1967 - 1976 «Жазушы» баспасында қызмет етті
1981 Мемлекеттік баспалар комитетінде қызмет етті
1998 «Қазақстанның Халық жазушысы» деген атақ берілді.

2. Шығармалық жолдарын сұрау.

ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту
1.«Кластер» әдісі
«Жылқы – малдың патшасы» мақалына кластер жасау;
Оқушыларға жылқыға қатысты мақалдар жаздыру.
Жылқы – малдың патшасы

Ер қанаты – ат
Жаман жолдастан таяғым артық, жаман аттан аяғым артық.
Ер басына күн туса, етігімен су кешер, ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер.

Жақсы ат – жанға серік
Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас.

Байтал шауып, бәйге алмас, құнан шауып, құр қалмас
Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме.
Түйе – байлық,
Қой – мырзалық,
Жылқы - сәндік

2.«Түртіп алу» әдісі. Өз бетінше оқыған мәтінді талқылау

3. Мәтінмен жұмыс.
Шығармадан мақал - мәтелді теріп жазу.
4. Бекіту.
1. Әңгімеде қырғыз - қазақ достығының үлгісін көрсететін кімдер? (Ералы, Жұмақан, Абығай, Төреғұл)
2. Ералы мен Жұмақанды жақындастырып жіберген қандай оқиға?(ашаршылық)
3. Әңгімеде айтылатын ашаршылық қазақ елінің басынан қай жылдары өткен?
4. Әңгімедегі кейіпкерлерді атаңыз
5. «Қозыкүрең» оқиғасын Әңгімелеп отырған кімдер?
6. Саяқбай Қозыкүреңнің қашуға дайындалып жүргенін қандай әрекетінен байқады?
7. Қанша уақыттан кейін Қозыкүрең туған жеріне оралды?
8. Жатып қалған Қозыкүреңді тұрғызу үшін Саяқбай қандай ем жасады?
9. Саяқбайдың жануарды арулап көмуін қалай түсінуге болады?

Сабақты қорытындылау:
Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас.
(Мақал)
Үйге тапсырма:
«Мен де бір перзентімін туған жердің» тақырыбына ой толғау жазу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама