Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Әлі талай жыр болып жазыларсың…
Сабақтың тақырыбы: Әлі талай жыр болып жазыларсың…
Сабақтың мақсаты: 1) білімділік: М. Мақатаев шығармаларын оқыта отырып, оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, білімге деген құштарлықтарын ояту
2) дамытушылық: а) Оқушыларды өз ойын ашық айта білуге, көркемдеп еркін сөйлеуге дағдыландыру
3) тәрбиелік: а) Сыпайылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу және қарсылыққа дау көтермей сөйлеу әдебін меңгертіп, мәдениеттілікке тәрбиелеу;
ә) Жақсы мен жаманды ажырата білуге дағдыландыру, кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі ету.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық, кеспе қағаздар
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, пікірталас, топтап тапсырма беру

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
(Оқушыларды түгелдеу, оқушылар назарын сабаққа аудару).
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген М. Мақатаев өлеңдерінен үзінділер оқыту
ІІІ. Жаңа сабақ
1) Мұқағали бейнелерін еске алу
2) Мұқағали қаламынан жыр төгіледі
ІV. Сабақты бекіту
(Не үйрендім, не білдім?)
V. Сабақты қорытындылау
VІ. Оқушыларды бағалау
VІІ. Үйге тапсырма

Үй тапсырмасын сұрау
Мұқағали Мақатаев - ақын, аудармашы, прозашы. Өлеңдері, оның жауһар жырлары мәңгілік. Өлеңдері уақыт өткен сайын өзіне шексіз дос - сырлас тауып, Хантәңірідей асқақтап, жыр сүйер қауымның жүрегінен берік орын табуда. Адам баласының жан дүниесіне терең бойлап, ішкі сезім сырларынан, психологиялық жан - күйінен хабар беретін сезімтал, психолог ақын.
Мұқағали өлеңдерінде адамның моральдық - этикалық қасиеттері әр қырынан сөз болып, жағымпаз, мақтаншақ, ұрыншақ адамдарды сынға ала, әжуалайды.
Ақын осында жан - дүниесі пасық, өзіне де, өзгеге де опа бермей жүргендерге ақылын айтып, қылықтарына реніш білдірсе, болашақта осындай қасиеттерден сақ болуға шақырады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама