Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сөйлеудің диалогтік және монологтік түрлерін қайталау
Сөйлеудің диалогтік және монологтік түрлерін қайталау
(7 - сынып)

Сабақтың жалпы мақсаты: Оқушылар сөйлеудің диалогтік және монологтік түрлерінен алған білімдерін тиянақтайды, кеңейтеді.

Міндеттері:
1. Мазмұнға байланысты:
Сөйлеу барысында оқушылар диалог, монолог жөнінде білімдерін өз жұмыстарында қолдана алады. Өткен сабақтан алған білім - дағдыларын жүйелейді.
2. Сын тұрғысынан ойлау:
Салыстыру, талдау жасай алады. Алған білімдерін қорытындылай алады.
3. Топтағы жұмыс:
Жұпта, топта. Бірлесе жұмыс жасай отырып өз пікірін білдіруге, дәлелдеуге үйренеді. Топта жұмыс істеу арқылы меңгерген ақпараттарын қажеттілігіне жарата білуге үйренетін болады.

Бағалау: Жеке топтық жұмыс кезінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін, білім деңгейлерін, жұмыстардың орындалу сапасын ескере отырып бағалаймын.

Сабақта қолданылатын әдістер:
Үш қадам сұхбат, кубизм. Семантикалық кесте, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, семантикалық кесте, кубик

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесіп, оқушылардың сабаққа қатысуын түгелдеу.
2. Үй тапсырмасын сұрау.

«Үш қадам сұхбат әдісі» арқылы үй тапсырмасын қорытындылау.

Мұғалім сөзі: - Балалар сендер сөйлеудің диалогтік, монологтік түрлерімен толық танысыңдар. Бүгінгі сабағымызда жұпта, топтағы әр түрлі тапсырмалар арқылы диалог пен монолог түрлерін қайталаймыз. Өйткені қайталау – оқу анасы.

І. Қызығушылықты ояту:
309 - жаттығу
Қожаның монологін мәнерлеп оқып, мәтінге ат қойыңдар. Диалогпен салыстырыңдар. Ата - ана туралы монолог жазыңдар.

ІІ. Мағынаны тану.
Кубизм страгтегиясы.
Тақырыпты жан - жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын стратегия.
1. Суреттеңіз: Диалог пен монолог дегеніміз не? Мысалдармен дәлелде.
2. Салыстырыңыз: Диалог пен монологтың ерекшелігі неде? Дәлелде.
3. Қолданыңыз: Диалог, монолог құраңдар.
4. Ойыңызбен байланыстырыңыз: Әдебиет пәнінен өтілген шығармалардың ішінде диалог пен монолог бар ма? Еске түсіріңдер.
5. Саралаңыз: Монолог қалай жасалады? Өздерің құраңдар.
6. Талқыласаңыз: Берілген үзіндіден диалог пен монологты ажыратыңыз.

Көрнекілік әдісі арқылы диалог құрау. (6 топқа сурет беріледі)

Ой толғаныс: Өтілген бағдарламалық материалды жинақтап қорыту.
Әр топқа семантикалық кесте толтыру

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама