Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі
Сабақтың тақырыбы: Т. Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі

Жалпы мақсаты: Ақын өмірінен мағлұмат бере отырып, әңгіменің тақырыбын, идеясын ашу, қазіргі заман үлгілерінен мысал келтіре отырып, білімдерін жетілдіру.

Күтілетін нәтижелер
• «Қонақтар» әңгімесінің мазмұнымен таныса отырып, өз көзқарасын, өз пікірін еркін айтуға талпынады.
• Оқушылар ойларын анық, дәл жеткізе білуге дағдыланады, шығарманы өмірмен байланыстыра отырып, дүниетанымы кеңейеді, өзіндік ой қорытындысын жасай біледі, пікірін білдіреді.
• Жақсы мен жаманды ажырата біледі, кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі етеді, ата – ананы сыйлауға, олардың алдындағы борышты ақтауға тәрбиеленеді

Жалпы идея: Ата - анасын ұмытқан бала опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы. (Ғ. Мұстафин).
Ресурстар: Электрондық оқулық, ақын портреті, постер, маркер, смайликтер, ата - ана жайлы ұлағатты сөздер, хадистер.

Тапсырмалар: Топпен жұмыс: «Біздің пікір»
Жеке жұмыс: «Ой толғау», «Пікірлесу»,. «Лайықты сөз», «Топтастыру». «Қала мен дала», Венн диаграм масы,

I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сергіту сәті
ә) Топқа бөлу (жасырылған суреттер арқылы бөлу)
II. Үй тапсырмасын пысықтау.
1. Т. Айбергенов өмірі, шығармашылығы.
2. Т. Айбергенов «Ана» өлеңі
3. «О, адамдар, ана керек адамға» шағын эссе жазу

III. Топпен жұмыс. «Біздің пікір» (постер қорғау)
1 - топ. Ата - ана дегеніміз кім? Олардың алдындағы міндетіміз.
2 - топ. Борыш, парыз, үміт дегеніміз не?
3 - топ. Ата - ананы сыйлау – елді сыйлау.

IV. Жаңа сабақты меңгерту. Оқулықпен жұмыс
1. Т. Әбдіков өмірі, шығармашылығы, қызметі, жазушы жайлы пікірлер. («Топтастыру» әдісін жасау)
2. Әңгіме барысымен танысу (топқа бөліп оқу)

Y. Шығарманы талдау.
Басталуы: Баласын тағатсыздана күткен әке - шеше.
Дамуы: Шалдың ішкі ойы.
Байланысуы: Қаладан келген қонақтар.
Шиеленісуі: Сапабек пен әкесі әңгімесінің жараспауы. Ауыл әні.
Шарықтау шегі: Мазасы кеткен қарт.
Шешімі: Орындалмаған соңғы үміт.
Қорытынды: Құлазыған көңіл.

YI. Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.
А - деңгей. 1. «Ой толғау» «Әкеге бағыну - тәңірге бағыну»
2. «Пікірлесу» Сапабектің іс - әрекеті. Оның үйіне қонақ болып кетуіне кім кінәлі?
В - деңгей. 1. «Лайықты сөз» Оқыған әңгіме бойынша мына екі бағанды лайықты сөздермен толтыру керек

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама