Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Алтын сақа интеллектуалды ойын-сайыс
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
«№7 жалпы білім беру орта мектебі»КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Джумабекова Маруза Сарсенбаевна

«Алтын сақа» интеллектуалды ойын - сайыс
Мақсаты:
Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Ойын - сайыстың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізуші:
- Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Сайыстан тыс қалмаңыздар!
Мұнда қызық табылар,
Білім нұры шашылар.
Ақыл, тілі дамыған,
Үлгі алайық балалардан!
- Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен 3 сынып оқушыларының арасында «Алтын сақа» атты интеллектуалды ойын - сайысын өткізгелі отырмыз.

Сайыс бағдарламасымен таныстыру:
- Бүгінгі интеллектуалды ойын 8 кезеңнен тұрады:
1. Таныстыру.
2. Жалғасын тап.
3. Кім шапшаң?
4. Мәтін - мазмұнына байланысты мақал – мәтел айту.
5. Сұрақ – жауап.
6. Берілген сөздерден сөздер құрастыру
7. Сиқырлы ұяшықтар.
8. Поэзия минуты.

- Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.
1.
2.
3.
- Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек
- деп сайысымызға бастаймыз. Сонымен, оқушыларға сәттілік тілей отыра, ойынымызды бастаймыз.
1 - кезең “ Таныстыру ”Ортаға 3 сынып оқушыларын шақырамыз:

2 - кезең: «Жалғасын тап»
Ойынның шарты: Мен мақалдың бастапқы қатарын айтамын, келесі жолын оқушы жалғастырады.
1. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.
Дені саудың, жаны сау
2. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала
3. Үлкенге – құрмет, кішіге ізет
Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын
4. Ақыл – тозбайтын тон,, білім - таусылмайтын кен.
Ырыс алды - ынтымақ
5. Көп жасаған білмейді, көп оқыған біледі.
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
6. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
Білім қымбат, білу қиын.
7. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл
8. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті
Ердің көркі елімен, отан көркі жерімен.
9. Бірлік болмай, тірлік болмас
Ақыл - дос, ашу дұшпан.
10. Батыр туса ел ырысы, жаңбыр жауса жер ырысы.
Оқу инемен құдық қазғандай.

3 - кезең «Кім шапшаң?» ойыны
Ойынның шарты, мен жаңылтпаш айтамын, сол жаңылтпашты қай оқушы жаңылмай, мүдірмей қайталайды және тез айтады сол оқушы жеңіске жетеді.

Жабайы маралдар бар,
Араларында жаралы маралдар бар.

Шалшық, балшық,
Балшық, шалшық,
Балшықтан ал шық

4 - кезең. Мәтін мазмұнына сай мақал – мәтел айту.
Мәтіннің мазмұнын мұқият тыңдап алып, мазмұнына сай мақал айту. Яғни, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасау керек.
Бүгін Жанар мен Айнұр сыныпта кезекші. Олар мектепке басқа балалардан бұрын келді. Алдымен парталарды реттеп қойды. Жанар терезелерді ашты. Айнұр партаның үстін, тақтаны дымқыл шүберекпен сүртті. Бірінші сабақ қазақ тілі. Кезекшілер әр партаға сөздіктерді дайындайды. Сөздіктер сөреде тұрған. Қыздар өз міндеттерін ұқыпты орындады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама