Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Қызықты сағат
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушылардың математикадан алған білімдерін нығайту, тереңдету, кеңейту, қолдана алу;
2. Дамытушылық: Оқушылардың математикалық ойлау қабілетін, ой - өрісін дамыту, логикалық есептеу дағдыларын жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, «Қызықты сағат» сайыс сабағы
Сабақтың әдісі: Практикалық
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі мен әдебиет
Сабақтың көрнекілігі: А1 форматты плакат, логикалық тапсырмалар, мақал - мәтелдер, тесттер, сөзжұмбақ

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Сәлемдесу;
2) Сабаққа даярлығын тексеру;
3) Үй тапсырмасын сұрау:
Ауызша сұрақтар арқылы үй тапсырмасы тексеріледі:
1 - топқа: Ондық бөлшектерді қосу және азайтуды түсіндіріңдер;
2 - топқа: Ондық бөлшектерді көбейту мен бөлу қалай орындалады?
4) Сыныпты екі топқа бөлу арқылы сайыс сабақ түрінде өтетіні туралы хабарлау;
5) Сабақтың мақсатымен таныстыру:

Бүгінгі сайыс сабағымыз 3 кезеңнен тұрады:
І кезең: Сөзжұмбақ сайысы – әр топтан кезекпен шығып сөзжұмбақ тапсырмаларын орындайды (әр дұрыс жауап оқушыға 1 ұпайдан береді);
ІІ кезең: Біліктілік сайысы – әр топтан 2 оқушыдан шығып тапсырманы орындайды (әр дұрыс жауапқа 3 ұпай);
ІІІ кезең: Тапқырлық сайысы – кезекпен оқушылар шығып, логикалық тапсырмалар мен мақал - мәтелдер жазылған топшамаларды алып, сондағы тапсырмаларды орындайды (дұрыс жауап берген әр оқушыға 1 ұпай).

І. Сөзжұмбақ сайысы
Тақтаға кезекпен оқушылар шығып берілген сөзжұмбақты сұрақтарына жауап беру арқылы толтырады (көлденеңінен және тігінен):
1. Құрамында тек қана сандардан тұратын өрнек (санды);
2. Шеңберді тең екі бөлікке бөлетін кесінді (диаметр);
3. Сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын
бөлінді қандай орта деп аталады? (арифметикалық);
4. 1 – ге және өзіне ғана бөлінетін сан (жай);
5. Құрамында әріппен белгіленген белгісіз саны бар теңдік (теңдеу);
6. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан (аралас);
7. Р = а + b + с ненің формуласы?(периметр);
8. Бірліктен де кіші разрядтары бар бөлшек (ондық);
9. % - қалай оқылады? (пайыз);
10. Шеңбердің дәл ортасы (центр);
11. Берілген сандар қатарындағы жиілігі ең көп сан (мода);
12. Шеңбердің центрі мен кез келген нүктесін қосатын кесінді (радиус);
13. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек қалай аталады (бұрыс);
14. 90° - қа тең бұрыш (тік);
15. 0, 2, 4, 5, 6, 8 – ге аяқталатын сандар қалай аталады? (жұп);
16. Бөлшектің үсті (алымы);
17. 2 – ге бөлінбейтін сандар қалай аталады? (тақ).
Дұрыс жауап берген оқушының тиесілі ұпайы өз тобына қосылады.

ІІ. Біліктілік сайысы
Плакатта 4 ұяшық берілген, онда есептер мен тесттерден тұратын тапсырмалар жазулы, әр топтан 2 оқушыдан шығып бір ұяшықты таңдап, сондағы тапсырманы тақтада орындайды.
1 – ұяшық тапсырмасы (тест): Самал, Аружан және анасы бәліш жеді. Самал бәліштің 1/2 бөлігін, Аружан ¼ бөлігін және анасы ¼ бөлігін жеді. Сонда қанша бәліш қалды?
А) ¾;
Ә) 2/4;
Б) ¼
В) Ештеңе қалмады
2 – ұяшық тапсырмасы (есеп): Жылдамдықты табу формуласын тақтаға жазып, оқулықтың №1446 есебін орындау.
Сұрақтың жауабы: υ = S / t
Есептің жауабы: 2, 1 м/с.
3 – ұяшық тапсырмасы (тест): 7/10 санын қалай жазуға болады?
А) 0, 07;
Ә) 0, 007;
Б) 0, 7;
В) 70.
4 – ұяшық тапсырмасы (есеп): Санның пайызын табуды түсіндіру, оқулықтың №1449 есебін орындау.
Сұрақтың жауабы: Санның пайызын табу үшін пайызды 100 - ге бөліп, берілген санға көбейту керек.
Есептің жауабы: 45, 9 кг – темір, 5, 1 кг – никель
Әр дұрыс жауап берген оқушының ұпайы тобының үлесіне қосылады.

ІІІ. Тапқырлық сайысы
Логикалық есептер мен мақал - мәтелдерден тұратын 12 топшамалар берілген, оқушылар кезекпен алып, сондағы сұрақтарға жауап береді.
Логикалық сұрақ: Үстел үстінде 3 стакан шие тұр. Дәурен бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? (3 стакан)
Мақал – мәтел:... жақсы қас болмас,... жаман дос болмас (Екі)
Логикалық сұрақ: Допты лақтырғанда, доп сол ізімен қайту үшін оны қалай лақтыру керек? (жоғары)
Мақал – мәтел: Досыңды... күн сынама,... жыл сына (Үш)
Логикалық сұрақ: Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? (Жанат)
Логикалық сұрақ: Жүгіру жарысынан Әсет, Марат, Талған үш орынды иеленді. Егер Марат ІІ орын алмаса, ал Талғат ІІІ орын алмаса, кім қандай орын алды? (І – Марат, ІІ – Талғат, ІІІ – Әсет)
Мақал – мәтел: Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,.... түгел болса, төбедегі жетеді (Төртеу)
Логикалық сұрақ: Көшеде екі әкесі, екі баласы, атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? (Үшеу)
Мақал – мәтел:
... теңгең болғанша,... досың болсын! (Жүз)
Логикалық сұрақ: Бес жыл бұрын егіздердің жастарының қосындысы 8 – ге тең болды. Бес жылдан кейін олардың жастарының қосындысы нешеге тең болады? (18)
Мақал – мәтел:
... тал кессең,... тал ек! (бір және он)
Мақал – мәтел:
... саусақ бірдей емес. (Бес)
Дұрыс жауап берген оқушы өз тобына 1 ұпайдан әкеледі.
Ұпайларды есептеп, жеңімпаз топты анықталады.

Қорытындылау: Оқушыларға сұрақтар қою арқылы сабақ қорытындыланады.
Бағалау: Белсене қатысқан оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма:
Сабақ аяқталды! Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама