Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Топтау және бөлшектік сан есімдер
Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы,
Шаша-төбе жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Бекзод Саиджанов Юсупжанұлы

Қазақ тілі 6 - сынып

Тақырыбы: Топтау және бөлшектік сан есімдер (слайд)
Мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, өз ойларын еркін, әрі толық жеткізу, сөздік қорын молайту
Міндеттері: Ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
Оқушының байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
Сөздік қорларын молайту;
Сауаттылықты қалыптастыру

Сабақтың барысы:
I Кіріспе бөлім
Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық алаңын құру.
2. Топқа бөлу.
3. Психологиялық дайындық.
4. Миға шабуыл
5. Логикалық сұрақтар.
6. Үй тапсырмасын сұрау.
7. Сергіту сәті
II Негізгі бөлім
8. Жаңа сабақ
9. Кітаппен жұмыс
10.” Қазақстан тәуелсіз ел”
11. Постер қорғау
12. Сан есімге арналған жаттығулар
III Қорытынды бөлім
13, Сабақты пысықтау
Бағалау
15. Үйге тапсырма беру

Топтау сан есімдер
Топтау сан есімдер заттың санын жекелеп емес, топтап көрсетеді де, нешеден? Қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Топтау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс есептік жалғауы жалғану арқылы жасалады.
Мысалы: екіден, жүзден, қырық - елуден, он - оннан, бес - алтыдан, үшеу - үшеуден т. б.
Сөйтіп топтау сан есімдер дара түрде де(бестен, оннан т. б.)
Күрделі түрде де(жиырма бестен т. б.)
Қосарланған түрде де(екі - екіден, он - он бестен т. б.) қолданылады.

Бөлшектік сан есімдер Бөлшектік сан есімдер заттың бөлшектік санын білдіреді. Бөлшектік сан есімдер, жай бөлшек және ондық бөлшек болып екі түрде қолданылады. Жай бөлшек сандар екі есептік сан есімнің бөлімі шығыс я ілік септікте алымы тәуелдік тұлғада жұмсалады, кейде тәуелдік жалғауы түсіріліп те айтылады.
Мысалы: екіден бірін ал, үштің бірі, онның екісі немесе оннан екі т. б. Сол сияқты бөлшектік сан есімдер есептік сан есімге жарты, жарым, ширек сөздері тіркесіп келіп те жасалады.
Мысалы: екі жарым, үш ширек. Ондық бөлшектік сан есімнің бөлімі ондық, жүздік, мыңдық сияқты болып жасалады.
Мысалы: екі бүтін үш ондық немесе екі бүтін оннан үш
( 2, 3 ) бес бүтін төрт жүздік немесе бес бүтін жүзден төрт (5, 04)

Оқулықпен жұмыс
1 - топ
172 - жаттығу. Берілген есептік сан есімдерден топтау сан есімдерін жасап, оларды сөзбен жазыңдар.
3, 5, 10, 8, 6, 2, 40, 70, 80, 100, 1000
2 - топ
176 - жаттығу, Цифрмен берілген бөлшектік сан есімдерді сөзбен жазыңдар.

1 2
-- --
2, 3

Сәйкестендір
1 асым ----- тұз
1 ұрттам ----- қамыр
1 жайым ----- су
1 шымшым ------ ет
1 үзім ------ қазы
1 елі ------ нан

Мүшел жас
1 - мүшел - жас (ер жете бастау);
2 - мүшел - жас (жігіттік шақ);
3 - мүшел - жас (ақыл тоқтату);
4 - мүшел - жас (орта жас);
5 - мүшел - жас (орта жас);
6 - мүшел - жас (қарттық);
7 - мүшел - жас (кәрілік);
8 - мүшел - жас (қалжырау);
9 - мүшел - жас (шөпшек сүю);
10 - мүшел - жас (немене сүю)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама