Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Аралас сандарды қосу. Таңбалары әр түрлі сандарды қосу.
Сабақтың тақырыбы: Аралас сандарды қосу. (5 - сынып)
Таңбалары әр түрлі сандарды қосу. 6 - сынып.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, аралас сандардың бөлімдері бірдей, әр түрлі болып келген бөлшек бөліктерін қосуды білу және теңбе - тең түрлендіру қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, есептер шығаруда теориялық білімдерін қолдана білу.
Дамытушылық: Аралас сандарды және таңбалары әр түрлі сандарды қосудың тәсілін дамыта оқыту, өз бетінше жасауға баулу.
Тәрбиелік: Шығарылған есептерге талдау жасап, өз қателерін таба білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: тапсырмалар.
Әдістері: ойын сұрақ - жауап.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ.
Бағдарлау - мотивациялық кезең.
Қызығушылығын ояту. 1 - тапсырма. Оқушылар, бүгін сабағымыз ойын түрінде өтеді. Берілген есептерде қосу амалдарын қолданып, шыққан жауапты ықтимал жауаптарының ішінен «Қабыршағы жоқ балықты» анықтай аламыз.

Ықтимал жауаптар: Шортан - 19; алабұға - 15; жайын - 2; табан - 21; алабұға - 22.;
5 - сынып. Мұғалімнің басшылығымен
І тапсырма. Сұрақ - жауап.
Бөлшектерді қос ережелерін еске түсіріңіздер?
ІІ тапсырма. Қосу ережелерін қолдана отырып, мына сандардың шешімін табыңдар?

Осы есептерді шығара отырып сызба түрінде түйін шығарыңдар.
АРАЛАС САН= БҮТІН БӨЛІГІ + БӨЛШЕК БӨЛІГІ

ІІІ тапсырма. Оқушылар, енді аралас санды қосуға есеп шығарайық:
Демек, аралас сандарды қосу үшін:.
1) бөлшек бөліктері ең кіші ортақ бөлімге келтіріледі;
2) бүтін бөліктерін бөлек, бөлшек бөліктерін бөлек қосып, қосындысы аралас сан түрінде жазылады;
3) егер қосындыдағы аралас санның - бөлшек бөлігі бұрыс бөлшек болса, оның бүтіні аралас санның бүтін бөлігіне қосылады.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама