Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Бейімбет Майлин. «Айранбай» әңгімесі
Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин. «Айранбай» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: білімділік – «Айранбай» әңгімесі арқылы сол кездегі қазақ тұрмысы және оның шынайы көрінісімен танысу; дамытушылық - жазушы тілін зерттеу; тәрбиелік – еңбекке, намысшылдыққа баулу.
Сабақтың әдісі: проблемалық әдіс.
Сабақтың түрі: зерттеу сабағы (Қанапия Бітібаева технологиясы бойынша).
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, ән - күй, әдеп, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) сәлемдесу;
ә) кезекшімен сұхбат;

ІІ. Үй тапсырмасын қайталау.
Үй тапсырмасын жаңа тақырыппен байланыстыра отырып талдау.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Бейімбет Майлиннің «Айранбай» әңгімесін оқып талдауға алдын ала тапсырма берілген.
- Балалар, «Айранбай» әңгімесі де шағын, бірақ әңгіменің тақырыбы ауқымды. көтеріп тұрған жүгі ауыр, байқадыңдар ма? Ал, байқасаңдар, қазір өздеріңе сауалнама сұрақтарын берейін, бірер минут ойланып, ауызша жауап бересіңдер:
1. Қалай ойлайсыңдар, әңгіме неге Айранбайдың үй ішін сипаттаудан басталады?
2. Мәдениеттің төмендігі байқала ма?
3. Мәдениеттің төмендігіне әсер етіп отырған не?
(Айранбайдың кедей тұрмысы: жоқшылық, жетіспеушілік, көңілсіздік, әлеуметтік теңсіздік, байдың қайрымсыздығы).
4. Айранбайдың бұрынғы өмірі мен әңгіменің аяғындағы Айранбайға сипаттама беріңдер. (Әңгіменің басындағы Айранбай бай туысы Кемелбайға сенеді, ал соңында рухани түрлеуі, жаңа өмірге қадам басуы – негізгі мәселе. Әңгіменің басында Айранбай кір - қоқыс арасында отырса, аяғында оны сілкіп тастап жаңа өмірге қадам басады.
5. Айранбай «кәменеске жазыламыз» деген қорытындыға неге келді?
6. Қалай ойлайсыңдар, егер Кемелбай Айранбай сұратқан қайысты Раушанға берсе, Айранбай бұрынғы қалпында сараң ағайынның ығында қалар ма еді?
7. Айранбайдың сенгені бар, ол – кәменестер: «Кәменеске жазылғандарды қазына асырайды дейді ғой». Қазіргі кезде осы идеяға қосылар ма едіңдер?
Бейімбет әңгімелерінің өзіне тән ерекшелігі бар, «деталь» бар. Әңгіменің арқауы «қайыстың» негізінде дамып отыр.
- Балалар, алдын ала берілген тапсырма бойынша бірінші топ әңгіме құрылысын зерттеу керек болатын.

ІҮ. Қане, зертеу жұмыстарыңды ортаға салып көріңдер.
«Айранбай» әңгімесінің құрылысы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы
М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Полатова Айнұр Мүслімбекқызы

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама