Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Жай бөлшекті қосу
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшекті қосу. 5 - сынып
Теріс сандарды қосу. 6 - сынып
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, бөлшек сандарының бөлімдері бірдей, әртүрлі болып келген бөлшек бөліктерін қосуды білу және теріс сандарды қосу анықтамасын білу, есептер шығаруда теориялық білімдерін қолдана алу.
Дамытушылық: оқушылардың математикалық ойлау қабілетін, көзқарасын, логикасын, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Өз бетінше жұмыс жасауға баулу;
Көрнекілік: мазмұнына қатысты суреттер, тірек сызба тапсырмалар.
Әдістері: ойын, сұрақ – жауап.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ: І. КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ
Бағдарлау – мотивациялық кезең.
5 - 6 сынып. Тез есептейміз: 1+3+5+7+9+...+99.
6 - сынып. Мұғалім жетелеуімен
Есеп № 1. Кешке термометрдің көрсетуі 0 градус С - тан 2 градус С - тан төмен болды. Түн ортасында термометрдің көрсетуі тағы да 4 градус С - қа төмендеді. Түн ортасында термометр неше градусты көрсетті?___________
Есептің шешуін (- a)+(- b) = - (a+b) өрнегін пайдаланып жазыңдар _________
Есеп № 2. Түсте ауаның температурасы - 3 градус С болды, ал кешке - 4 градус С - қа өзгерді (4 градус С - қа төмендеді). Кешке ауаның температурасы неше градус болды?
Күтілетін нәтиже: Кешкі ауаның температурасын табу үшін (- 3) санына (- 4) санын қосу керек.
Демек, (- 3)+(- 4)= - 7.
Мұғалім: Мұндағы қосылғыштар және қосынды да қандай сандар?
Күтілетін нәтиже: теріс сандар. Қосындының модулі қосылғыштардың модульдерінің қосындысына тең, мысалы: |- 3|+ |- 4|=|- 7|.

Ереже
Теріс сандарды қосу үшін:
1) Қосылғыштардың модульдерін қосу керек;
2) Шыққан санның алдына минус (-) таңбасын қою керек.
Мысалы:- 7+(- 10)= -(7+10)=- 17, қысқаша - 7+(- 10)=- 17;
- 3+(- 15) = - 7. 1+(- 1. 6)=
Теріс сан + теріс сан = теріс сан
Қасиеттері: ауыстырымдылық a+b = b+a
Терімділік (a+b)+c = a+ (b+c)

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама