Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Аудан бірлігі – квадрат сантиметр
Сабақтың тақырыбы: Аудан бірлігі – квадрат сантиметр

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Аудан бірлігі – квадрат сантиметрмен таныстыру. Есептерді шығара білу және есептеуге дағдыландыру; Өткен тақырыптарды бекіту.
Дамытушылық: Өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамыту, оқушының танымдық қасиеттерін арттыру. Есте сақтауын, ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Тапсырмаларды орындауда шапшаңдыққа тәрбиелеу. Тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену.
Сабақ түрі: Саяхат сабақ
Қажетті көрнекіліктер: Үлестірмелі материалдар, сызбалар, интерактивті тақта, геометриялық фигуралар, бағалау парағы.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Оқушы зейінін сабаққа аудару.
ә) Психологиялық дайындық.
Ал, балақай, тұрайық,
Көңіліміз қандай?! (мынандай)
Талабымыз қандай?! (таудай)
Жігеріміз қандай?!
Жарайсыңдар, балақай,
Назар сал, енді, сабаққа!
Релаксация.
- «Қызықты математика әлеміне» қош келдіңдер!

2. Өткен сабақты еске түсіру. / Ауызша есептеу
Оқушылар үш топқа бөлініп отырады. Топ жетекшілеріне әр топ мүшесін бағалау парағы ұсынылады.
Алғашқы аялдама:«Кім жылдам?»
1. 5 пен 7 - нің көбейтіндісі қанша?
2. 5 пен 3 - тің көбейтіндісін жаз. Көбейтудің компоненттерін ата.
3. Көбейткіштердің орнын ауыстырып, көбейтінді құрастырыңдар.
4. Көбейтудің қандай қасиетін орындадық?
5. Белгісіз сан мен 46 - ның қосындысы 215 - ке тең болатындай теңдеу құр.
6. Белгісіз сан мен 92 - нің айырмасы 120 - ға тең болатындай теңдеу құр.

Екінші аялдама: «Геометриялық фигуралар»
Әр топқа жеке тапсырма беріледі.
І топ. Геометриялық фигуралар ішінен шаршыны тап. Анықтама бер. Шаршының периметрін қалай табамыз.
ІІ топ. Геометриялық фигуралар ішінен тік төртбұрышты тап. Анықтама бер. Оның периметрін қалай табамыз.
ІІІ топ. Геометриялық фигуралар ішінен үшбұрышты тап. Анықтама бер. Үшбұрыштың периметрін қалай табамыз.
Келесі аялдамаға жету үшін қабырғасы 1см болатын шаршы сызыңдар.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Үшінші аялдама: «Аудан»
- «Аудан» ұғымы жайлы не білеміз?
Мұғалімнің түсіндірмесі.
1. Үлгі бойынша түсіндіру.
1. Квадрат сантиметр - аудан бірлігі.
Квадрат сантиметр – қабырғасының ұзындығы 1 см - ге тең шаршының ауданы.
Оқулықпен жұмыс.
№ 2. Ауызша талдау.
1) Бірінші фигураның ауданы 1 см. Қалған фигуралардың әрқайсысында неше квадрат сантиметр бар? (үшеуінің ауданы 1 см²)
2) Қай фигураның ауданы үлкен, ал кайсысынікі кіші? Аудандары тең болатын фигуралар бар ма?(1 › 2, 1 › 3; 2 = 3)

Сергіту сәті:
Ал, балалар тұрайық
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп
Солға қарай иіліп.
Бір отырып, бір тұрып
Бір тынығып алайық.
Белімізді жазайық.
Жоғары - төмен қарайық,
Солға - солға түзу тұр.
Оңға - оңға түзу тұр,
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым
Бойымызға күш жинап,
Бір дем алып қалайық.

Төртінші аялдама: «Есепте»
№ 3. Есеп оқылып, талданады:
• Есеп не жайында?
• Есепте не белгілі?
• Есепте не белгісіз?
• Есеп 36 + 15 өрнегі шығатындай етіп сұрақ қой?
• Есеп (36 + 15)+36 өрнегі шығатындай етіп сұрақ қой?
• Есептің сұрағына бірден жауап бере аламыз ба?
• Алдымен нені тауып алуға болады?
• Қалай табамыз? Қандай амалмен табамыз?
• Енді сұраққа жауап бердік пе? Есеп неше амалмен шығарылды?

Түске дейін – 36 адам
?
Түстен кейін?, 15 артық

Шешуі: 36 + 15 = 51, 51+36= 87 (а)
Өрнек түрінде: (36 + 15) + 36 = 87 (а)
Жауабы: Барлығы 87 адам.

№ 5. Әр топқа екі мысалдан беріледі.
1-топ:
3 дм 2 см - 16 см = 16 cм
1 кг – 296 г = 704 г
2 -топ:
2 ц 50кг + 60 кг = 310 кг
1 км - 695 м = 305 м
3- топ:
5 м 40 см – 23 дм= 310 см
1 т – 5 ц 20 кг = 480 кг

Тік төртбұрыш пішінді «Қызықты математика» әлемінің сұлбасы пайда болады.
- «Қызықты математика» әлемінің сұлбасы неге ұқсатамыз?
- Тік төртбұрышқа ұқсайды. Онда оның осы картадағы сұлбасын 20 есе кішірейтіп, дәптерімізге сызып көрейік. Ауданын есептейік.
6 см ∙ 3 см = 18 см2
Тік төртбұрышта неше см2 бар?

ҮІ. Бекіту. Бүгінгі сабақта не істедік? Неге үйрендік? Сабақтан қандай жаңа нәрсені білдіңдер?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. № 6, 113 бет
2. Бағалау парағы бойынша оқушылардың жинаған қорытынды ұпай санына байланысты тиісті бағасы қойылады. Әр топ еңбегі бағаланып, «Қызықты математика әлемінен» естелік қағаздар беріледі.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама