Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу толтыру маркері
8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу толтыру маркері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ЕХСЕL кестелік процессоры, негізгі түсініктер мен амалдар, Excel мүмкіндіктері, жұмыс кестесінің элементтері, жаңа құжатты сақтау, құру, ашу, берілгендерді енгізу және оларды редакциялау туралы білімдерін өздігімен қалыптастыру.
Тәрбиелік: Компьютермен ұқыпты жұмыс жасауға, жан — жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың көре және ести отырып, есте сақтау және көру қабілеттерін дамыту.
Сабақтың типі: Түсіндіру
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру
Пәнаралық байланыс: Математика
Сабақтың көрнекілігі: ДК, Excel бағдарламасы

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасы
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Тәжірибелік жұмыс
V. Сабақты бекіту
VI. Үй тапсырмасы
VII. Оқушыларды бағалау

Жаңа сабақ
1. Деректерді Excel - ге енгізу
2. Деректерді сақтау және қорғау.
3. Деректерді өңдеу, орын ауыстыру көшірмелеу
Берілгендерді ұяшыққа енгізу. Алдымен тышқан курсорын енгізілетін ұяшыққа апарып шерту арқылы оны белгілеп алады. Сол кезде ұяшық қоршауға алынады, сонымен бірге формуланың сол жақ бөлігінде «А1» жазуы көрінеді. Осыдан кейін берілгендер енгізіледі.
Берілгендерді енгізу кезінде формула жолының сол жақ бөлігінде үш батырма тұрады, олар қызыл крест, жасыл белгі, және тең белгісі немесе функция белгісі.
Егер қызыл кресті батырманы шертсеңіз, онда енгізу тоқтатылып, ұяшыққа енгендер өшіріледі. Егер батырмасын шертсеңіз, экранда (4 сурет) Функция шебері (Мастер функций) сұхбат терезесі көрінеді.
Берілгендерді редакциялау. Ұяшықтардағы мәліметтерді редакциялаудың бірнеше әдісі бар:
1) Ұяшықты белгілеп, курсорды қажетті орынға апарып, оны формула жолында редакциялау
2) Ұяшыққа апарып, екі мәрте тышқанды шерту немесе ұяшықты белгілеп және F2 пернесін басу. Бұл жағдайда редакциялау тек қана ұяшықта болады.
Егер бағанның енінен мәтін ұзындау болса, онда ол келесі бос тұрған бағанда көрсетіледі.
Кестенің элементтерін белгілеу. Кестенің бір ұяшығы әр уақытта жұмыс істеп тұрады. Жұмыс істеп тұрған ұяшық қоршаумен белгіленеді. Ұяшықта жұмыс істету үшін бағыттаушы пернелермен курсорды осы ұяшыққа апару немесе тышқанды шерту қажет.
Жұмыс кітабын сақтау. Жұмыс кітабын сақтау үшін файл менюіндегі Сақтау командасын немесе Стандартты аспаптар тақтасының батырмасын шерту керек. Кітапты басқа атпен немесе басқа бумаға сақтау үшін Файл менюіндегі Қалай сақтау керек командасы таңдалады, сонда Құжатты сақтау терезесі шығады.
IV. Тәжірибелік жұмыс
VІ. Сабақты бекіту.
1. Электронды кестенің ұяшығына мәтінді қалай енгізеді?
2. Енгізілгеннің мәндер емес, формула екенін Excel қалай анықтайды?
3. Жұмыс кітабын қалай сақтаймыз?
VІ. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу
VIІ. Оқушыларды бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама