Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
3 - сынып оқушыларына математика пәнінен ашық тест
Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы
№ 2 Аманқарағай орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Туребекова Л. М.

3 - сынып оқушыларына математика пәнінен ашық тест.

Тақырыбы: Ауызша көбейту бөлу
Тест №5
1 - нұсқа
1 Өрнектер құрастыр, мәндерін тап:
200×3 + 50×7
24×10 60×5

2 Өрнектерді баған түрінде жазып есепте ж/е тексер:
428+254

3 Әр түрлі тәсілмен есепте:
(60+30)×5

4 Есепті шығар:
Автопаркте 8 үлкен автобус, ал одан 10 есе артық шағын автобус бар. Автопарктегі шағын автобустардың үлкен автобустардан қаншасы артық?

5 Теңдеуді шеш:
810: у=90

6 Салыстыр:
2 тәул.* 42 сағ

7 Амалдардың орындалу тәртібін анықта және есепте:
450: 5+720: 90

8 Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте:
3 тәул.=□ сағ

9 Көбейтінділерді көбейткіштердің квадратына, кубына ауыстыр:
3×3 3×3×3
10 Бір қабырғасы 3см, ал екінші қабырғасы 2 есе артық тіктөртбұрыш сыз. Периметрін мен ауданын тап:

11 Есепті теңдеу арқылы шығар:
Бір күнде қалыңдығы 100 мм қар түсті. Егер екі күнде 300 мм қар түскен болса, екінші күні неше мм қар жауды?

12 Қалдықпен бөлуді орында және тексер:
28×3

13 Теңдіктер тура болатындай етіп жақшалар қой:
4+6 - 18: 9=8

14 Өрнек түрінде жаз:
Бес жүз жетпіс екі және үш жүз алпыс бестің айырмасын тап:

15 Бос орынға сан жаз:
57 - 8×4+□=40

Тест №5 2 - нұсқа
1 Өрнектер құрастыр, мәндерін тап:
45×10 + 90×3
55×10 9×30

2 Өрнектерді баған түрінде жазып есепте ж/е тексер:
658+174

3 Әр түрлі тәсілмен есепте:
(30+20)×4

4 Есепті шығар:
9кг картоп үшін 180 теңге төленді. Осы бағамен 15 кг картопқа қанша теңге төлену керек?
5 Теңдеуді шеш:

450: x=9

6 Салыстыр:
3 сағ 5 мин* 190 мин

7 Амалдардың орындалу тәртібін анықта және есепте:
480 - 390+240×80

8 Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте:
10 мин=□ с

9 Көбейтінділерді көбейткіштердің квадратына, кубына ауыстыр:
7×7 7×7×7

10 Қабырғасы 4см және 6см болатын тіктөртбұрыш сыз. Периметрін мен ауданын тап:

11 Есепті теңдеу арқылы шығар:
Аулада 45 бала ойнап жүр: Олардың 14 - і ер бала, ал қалғаны қыздар. Неше қыз ойнап жүр?

12 Қалдықпен бөлуді орында және тексер:
30×4

13 Теңдіктер тура болатындай етіп жақшалар қой:
17+40×8:=22

14 Өрнек түрінде жаз:
Жеті жүз қырық екі мен төрт жүз отыз алтының қосындысын тап.

15 Бос орынға сан жаз:
□-(14 - 8) ˑ5=300

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама