Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Балабақшаның 1 жылдық туған кешіне арналған концерттік бағдарлама!
Балабақшаның 1 жылдық туған кешіне арналған концерттік бағдарлама!
Жүргізуші:
Бір жыл толып қалыпты міне бүгін,
Жаста болса шыңға шығар бір белес.
Өзіңнен тәрбие алған бүлдіршіндер,
Өркениетті еліне қосар үлес!
Құрметті қонақтар! Балалар!
«Балбөбек» атты балабақшамыздың 1 жылдық туған кешіне қош келдіңіздер!
- Дей отырып ертеңгілік мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші: Ендеше, ортаға «Көбелек» тобының бүлдіршіндерінің орындауында. Дует «Бөбектер» әнімен қошеметпен қарсы алыңыздар.
Сәбилердің күлкісімен таң атар,
Балабақша қуанышпен қарсы алар.
Кешке дейін күліп - ойнап думанмен,
Қимай сені үйлеріне тарасар.
Балабақша өзіңменен мақтанам,
Бағындырар белесіңмен шаттанам.
Асқақтатып балалардың мекенін,
Ұстаздардың ақ сенімін атқарар!
Жүргізуші: Келесі кезекті тақпақтарға берейік. Ортаңғы қазақ және орыс тобын қошеметпен ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: Бүгін туған күніміз,
Қолда шоқ - шоқ гүліміз.
Көңіліміз көркейді,
Көп ән - би, жырымыз!
Ж: Ендеше, «Қолшатыр» биін тамашалаңыздар!
Жүргізуші: Ендеше, кезекті тақпақтарға берейік. Ересек қазақ және орыс тобын қошеметпен ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: біз балдырған баламыз бойымызға күш жинап аламыз дей отырып, ойынға кезекте берейік «Моншақтарды тізбекте»
Жүргізуші: Ендеше балалардың мың бұралған билерінің тақырыбы «Жарайсың - тамаша» биге кезек те келіп жетті.
Жүргізуші: Тамашалаймыз ойын «Арқанды жағалай жүру»
Жүргізуші: Ортаға «Көгершін» тобының орындауында «Күз» ән қарсы алыңыздар.
Құрметті балалар! Назарларыңызға рахмет, ендеше бүгінгі туған күн ертеңгілігіміз осымен таман келесі кездескенше сау болыңыздар.

Ақмола облысы, Есіл ауданының Есіл қаласы
«Есіл ауданының білім беру бөлімі Есіл қалалық
№3 «Балбөбек» бөбек балабақшасы МКҚ
тәрбиешісі: Мұратхан Гүлбақша

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама