Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Көңілді математика
Тақырыбы: Көңілді математика
Ертеде бір түлкі болыпты. Ол бірде орманда келе жатып адасып кетіпті. Сөйтсе, оны аңшылар ұстап алыпты. Аңшылар оның терісіне қызығады екен. Түлкі жалынып, ағатайлар мені жіберіңіздерші - деп жылапты. Сонда, бір аңшы айтыпты: - Түлкі сен сонша айлакер болсаң мына сұрақтарға жауап бере аласың ба? - депті.
- Түлкі қатты ойланып мен көмекке достарымды шақырайыншы депті. Аңшылар, жарайды шақыр егер достарың шеше алмаса теріңді сыпырып аламыз, - депті. Сөйтсе түлкі мектеп балаларын жақсы көреді екен. Оларға орманнан әдемі гүлдер жеміс - жидектер әкеп тұрады екен. Қане балалар, онда біз де түлкіні аңшылардан құтқарайық.

Балалар, түлкіге мына сұрақтарды шешуге көмектесейік
Балық аулау ойыны
Барлығы неше балық?
Айырмашылығын айтыңдар.
Биік - аласа.
Артық. Кем. Тең.
Балмұздақ артық па, әлде көкөніс пе?
Ат шабады, аққу...
Ойлан да аяқта!
Лимон қышқыл, қант...
Жылан жорғалайды, балық...
Ит үреді, мысық...
Сандар еліне саяхат
Бір дегенім – бесік.
Шықтық содан өсім.
Екі дегенім – елім.
Далам, тауым, көгім.
Үш дегенім – үміт.
Үміт артар жігіт.
Төрт дегенім – төзім.
Төзе білем өзім.

«Енді балалар сергіту сәтін жасайық
Дидактикалық ойындар.
Ойын: Қандай сан қалып қойды?
Ойынның шарты: Балалар көздерін жұмады, сол уақытта бір санды тығып қоямыз. Балалар сынайды, қандай сан қалып қойғанын айтады.

Көңілді жұмбақтар
Бір көжекке бір көжек,
Келе қалды қонаққа,
5 сәбізден бірден жеп
Тойып алды тамаққа.
Айтыңдаршы балалар
Қанша сәбіз барлығы? (10).
Ұлпа жүнін қыздырып,
Күн шуақта бір күшік
Отыр еді маңына
Келді тағы бір күшік.
Нешеу болды сен сана? (2).
Үстел үстінде төрт алма жатыр,
Оның біреуін ағам жеп қойды.
Сонда неше алма қалды? (3).

- Жарайсыңдар балалар. Біз қайда бардық? (біз математика әлеміне саяхат жасадық). Біз түлкіні аңшылардан құтқарып алдық. Балалар сендерге сабақ ұнады ма? (ия). Сабақ маған да ұнады, сендер сабаққа жақсы қатыстыңдар, сендерге рахмет айтамын. Орнымыздан тұрайық, қонақтармен қоштасайық.
Көріскенше күн жақсы!

Рахмет сендерге балалар!
Слайдты жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама