Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Адам ұрпағымен мың жасайды
Дөңгелек үстелдің тақырыбы: Адам ұрпағымен мың жасайды.
Ағаш түзу өсу үшін оған бұтақ кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың
Халық даналығы

Адамгершілік тәрбие балабақшада оқу - тәрбие үрдісінің барлық салаларында жүзеге асырылады:
- білім беруде
- еңбек үрдісінде
- тәрбиелік іс - шараларда:
- ертеңгілік, әңгімелесу, ойын - сабақтарында т. б.

Мектепке дейінгі жаста баланың бастапқы адамгершілік сезімдері мен ұғымдары, мінез - құлықтың ең қарапайым дағдылары балабақшадан қалыптасады.

Баланың тәртібіне белгілі талаптар қою олардың орындалуын бақылаумен ұштасады. Бақылаудың әлсіреуі балаға тәртіп бұздырады. Талап пен бақылау тәрбиешінің берген бағасы арқылы бекітіледі, ол балалардың іс - әрекетінің қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін тануға, тәртіп ережелерін игеруге мүмкіндік жасайды.

Тәрбиеші балаларда үлкендерге құрмет көрсетуді, өз қатарларымен дұрыс қарым - қатынас жасауды, заттарға ұқыпты қарауды білдіретін сан алуан мінез - құлық дағдыларын қалыптастырады.

Бала ата - ананың қамқорлығы мен махаббатына, олардың қарым - қатынасы мен еркеліктеріне мұқтаж. Ата - ананың балаға деген махаббаты мен олардың қамқорлығы баланың да жауапты үн қатуын шақырады, бала ата - ананың сөзіне құлақ салып, тәрбиелі болып өседі.

Ұжымда тәрбиелеу заңдылығы тәрбиешілерді әр баланың мінез-құлқына ізгі ықпал жасауы үшін балаларды бірлесіп қызмет жүргізудің алуан түрлеріне біріктіруді міндеттейді. Бұл заңдылықты іс жүзінде қолдану тәрбиешінің мейірімділікті балалардың жеке ерекшеліктерін, адамгершілік тәжірибесін, дамуы мен мүмкіншіліктерін ескере отырып талап қоя білумен ұштастыра білуінен көрінеді.

Ақмола облысы, Есіл ауданының Есіл қаласы
«Есіл ауданының білім беру бөлімі Есіл қалалық
№3 «Балбөбек» бөбек балабақшасы МКҚ
тәрбиешісі: Мұратхан Гүлбақша
Слайдты жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама