Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Модульдік технологияны ағылшын тілі сабағында пайдалану
Т. Жүргенов атындағы № 123 орта мектептің
ағылшын тілі пәні мұғалімі Гүлжанат Әлиева Қуандыққызы

Модульдік технологияны ағылшын тілі сабағында пайдалану
Модульдік технологияның ерекшелігі - алдын - ала мақсат қоюды, алдын - ала жоспар құруды үйретеді; оқу процесі өзгереді, яғни модуль арқылы жүзеге асады, онда мұғалім ұйымдастырушы, ынталандырушы ролін атқарады;
Модульдік оқыту технологиясын сабақтарда пайдалану мынадай мақсаттарға жетуге бағытталған.
- оқу материалын жақсы меңгеруге;
- бірін - бірін оқыту және тексеру, өздігінен оқу;
- өзін - өзі тексеру қабілеттерін дамытуға;
- жай тапсырмадан шығармашылық ізденуге мүмкіндік береді;
- танымдық процестерді дамытуға;
- қарым - қатынас жасауға;
Модуль дегеніміз – қандай да бір жүйенің, ұйымның анықталатын, біршама дербес бөлігі.
Бірінші белгісі: ойлау, талдау, жинақтау, ой елегінен өткізіп қорытынды жасай алады.
Екінші белгісі: уақытты үнемдеу, орынды пайдалану, модуль жоспары, тапсырмалары алдан - ала дайындалады.
Үшінші белгісі: барлық жұмыс сыныпта мұғалім мен оқушылар арасында жасалады, және жұп, топ арқылы жүзеге асады.
Модульдік бағдарлама құрудағы мұғалімнің іс - әрекеті: тақырыпты толық игеру, нақты мақсатты айқындау, мазмұнына қарай оқу материалын таңдау, қосымша әдебиеттер қолдану, МБ жазбаша құрастыру, жұмыстарды жеткілікті етіп көшірме жасау, модуль сабағы.
Модуль сабағын құрудағы мұғалімнің іс - әрекеті: балаларды оқу мақсатымен таныстыру, модульмен таныстыру, оқу материалын қысқаша баяндау, танымдық қызметін ұйымдастыру, әр сабақта бағалап отыру, тақырып бойынша тестілеу, сынақ жүргізу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама