Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Блум таксономиясының деңгейлері бойынша тапсырмалар
Сабақтың тақырыбы: Тіл мәдениеті
Сабақтың ой қазығы: Темірді от балқытады, адамды сөз балқытады.
Отты жаға білу керек, сөзді дұрыс айта білу керек.

Оқып - үйренудің негізгі мақсаттары: тіл мәдениетін игереді, ойлау қабілеті мен тіл байлығы дамиды.
Күтілетін нәтижелер: сыни ойлай білуге, өз көзқарастарын ашық та жүйелі жеткізуге, өз пікірін қорғауға дағдыланады.
Әдіс - тәсілдер: АКТ, топтық жұмыс, сыни тұрғыдан ойлаудың жоғары сатысы - Блум таксономиясы, Диалогтық оқыту, Оқыту үшін бағалау.

Блум таксономиясының деңгейлері бойынша тапсырмалар
1. Білім (қайталау, еске түсіру)
Тіл мәдениеті деп сөйлегенде, жазғанда... құралдарын (..., сөз тіркесі,... түрлерін)
дұрыс... айтамыз.

2. Түсіну (түсіндіру, жеткізу, тұжырымдау)
Тіл мәдениетіне нелер нұқсан келтіреді?
Тіл өнерін халқымыз қалай бағалаған?
Сөз мағынасы - тауып сөйлеудің кілті деген сөзді қалай түсінеміз?

3. Қолдану (жасап көру, көрсетіп беру)
Диалогтік әңгімеге құрылған көрініс.
Диалогтік өлең оқу.
Монолог оқу.

4. Талдау (бөліп шығару, талқылау, мәселені шешу)
Мәтіндерді талдап, тақырып қою, мәтін мазмұнын ашатын мақал - мәтелдер жазыңдар.

5. Жинақтау(құрастыру, шығармашылықпен орындау)
Сұрақ - жауап эссесі
Неліктен? сұрағын қолдану

6. Бағалау (ұсыныс жасау, таразылау
Менің тілім ХХII ғасырда қандай болады?
(Гипотеза, яғни болжам жаса, бағала, салыстыр)

Сергіту сәті
Мен қандаймын?
Ақыл - кеңес
1. Өзгені түсін.
2. Өзгенің ойын тыңдай біл
3. Өз ойыңды жеткізе біл
4. Сұрақ қоя біл
5. Өзгенің шешімін бағала
6. Өз ойыңды жаза біл, айта біл
7. Өз шешіміңді ұсына біл

Үйге тапсырма
1. Мен - ол (диалог жазу)
2. Мен - мен (диалог жазу)
3. Монолог (жаттау)

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама