Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қазіргі таңдағы жас ата-аналардың бала тәрбиесіне және ұстаздарға деген көзқарасы
Қазіргі таңдағы жас ата-аналардың бала тәрбиесіне және ұстаздарға деген көзқарасы

«Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. (Жүсіпбек Аймауытов)

Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата - ана. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата - анасы. Отбасы мен мектеп, ұстаз бен ата - ана, ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынас мәселесі қашанда өзекті. Көп жағдайда осы мәселелерді күнделікті ағымдық проблемалардың аясында қарастырып, мән - маңызын төмендетіп алып та жатамыз. Оны шешудің жолдарын алыстан іздеп адасамыз. Шын мәнінде оны шешу жолдары өзімізден, сіз бен бізден басталатынын естен шығарып аламыз.

Ата - ана әр түрлі, олардың ұрпақ тәрбиесіне, мектепке деген көзқарасы да сан алуан. Әр мектеп әлеуметтік тұрғыдан бұл мәселені «Отбасы - оқушы - мектеп» үшбұрыштық жүйесімен жүргізеді.

Әке - шешелеріміз айтып келе жатқан «Мұғалім көрсек, әрі ұялып, әрі қорқып сонау алыстан қашатынбыз» - деген сөздер әлі күнге дейін құлағымызда. Ол кісілердің уақытында мұғалімнің беделі жоғары болған. Өзіміз оқыған жылдары да мұғалімнің сөзінен қорқып, жиналыс болады деген күні ата - анамызға не айтар екен, жаман баға алып қалсақ, соны айтып қояр мекен деген қорқынышпен жүретін едік. Ал, қазір керек десең, мұғалім бетінен ала түсу, айтқан сөздерін жүре тыңдау, ата - аналар баласының көзінше мектеп жайлы, мұғалім жайлы жақсы - жаманды айту дағдыға айналған. Мұның бәрі балаға әсер ететіні анық. Бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға қандай жақсы мінезді іспен көрсету керек!».

Бұрынғы мен қазіргі мұғалімді салыстыруға келмейді. «Уақыт өткен сайын қоғам ғана дамып қоймай, адамдар да жаңарады». Оқушылар, ең басты олардың ата - аналары өзгеріп кетті.

Бүгінгі ата - ана баласын ұстаздан қорғап әлек болуда. Бұрын бізді әке - шешеміз мектепке «Сүйегі - менікі, еті - сенікі» деп беретін. Үйге келіп шағым айтсаң, өзіңе ұрысатын. Мұғалім ұрысты деп айтуға қорқатынбыз. Ал қазіргілер қит етсе болды, мектепке жетіп барады. Күннің атысынан кештің батысына дейін жұмыс қамымен жүріп, баласының немен айналысып жүргенін білмейтін ата - аналар жағдайдың байыбына келмей жатып, бәріне мұғалімді кінәләуға дайын болып тұрады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама