Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қосу және азайтуды қайталау
Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау.
2. Дамытушылық: Шапшаң есептеу дағдысын, математикалық тіл байлығын дамыту; қосу және азайтуды қайталау, логикалық ойлау қабілетін, зейінін дамыту; есепті шығара алу дағдыларын дамыту.
3. Тәрбиелік: ұлттық тәрбие беру, тазалыққа тәрбиелеу; ептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы,.
Әдісі: Сұрақ жауап,.
Қажетті құралдар: презентация, қағаздар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: топқа бөліну, амандасу:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Сонау - сонау алысқа, жүзсін десең кемелер.
Тылсым сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер.
Жасау үшін бәрін де
Математика
Ең маңызды ғылым бұл
Сондықтан да, сондықтан да
Сол ғылымның тілін біл!
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Кел ойнайық! Үйдің номерін тап

ІІ. Жаңа сабақ
Үш топқа бөлінеді: «Жылдамдар», «Жүйріктер», «Мықтылар».
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы. Өткенді қайталау.
Қазақ киеге үлкен мән берген халық. Табиғаттың кейбір апаттарын, отты, кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлеген. Сондай - ақ қазақ халқының өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. «3, 7, 9, 40» сандар тізбегін өзіміздің салт - дәстүрімізден, ырым - тыйымдарымыздан, нақыл сөздерімізден, мақал - мәтелдерімізден анық көруге болады. Біз бүгін сандар әлемімен танысамыз Көптеген сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерін тамашалаймыз. Ол үшін біз сандардың тапсырмаларын орындаймыз.

3 санының тапсырмасы
1. Тапсырма. Теңдеулерді шеш.
«Жылдамдар»
2+а=10
а=10 - 2
а=8
2+8=10

а - 2=8
а=8+2
a=10
10 - 2=8

«Жүйріктер»
a - 1=9
a=9+1
a=10
10 - 1=9

10 - a=1
a=10 - 1
a=9
10 - 9=1

«Мықтылар»
10 - a=2
a=10 - 2
a=8
10 - 8=2

1+a=10
a=10 - 1
a=9
1+9=10
Математикалық диктант
88 бен 92 - нің арасындағы сандарды кему ретімен жаз. Оларды салыстыр. Әр санды ондықтар мен бірліктердің қосындысы түрінде жаз.
92, 91, 90, 89, 88
92>91, 90>89, 89>88
92= 9 онд+2бірл
91=9онд+1 бірл
90=9онд+0бірл
89=8онд+9 бірл
88=8онд+8бірл
Тапсырмалар орындалып 3 санының қасиетімен танысамыз
Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз
Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті
Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл:

4 санының тапсырмасы
3 тапсырма. Балдырғанға қойылмай кеткен жақшаларды қоюға көмектес.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама