Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Орфография және орфоэпия
Қазақ тілінен қысқа мерзімді жоспар 5 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Орфография және орфоэпия (слайд)

Сабақтың мақсаты: оқушылар айтылуы мен жазылуында ерекшелік байқалатын сөздердің дұрыс жазу емлесін, айтылудағы ерекшеліктерді сақтауды үйренеді.
Сабақтың әдісі: СТО, АКТ
Сабақтың түрі:жаңа сабақты өздігінен меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: слайдты плакаттар, сөздермен безендірілген парақшалар, жеміс ағашы, үнтаспа, орфографиялық және орфоэпиялық сөздіктер
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, орыс тілі
Күтілетін нәтиже: оқушылар айтылуы мен жазылуында ерекшелік байқалатын сөздерді дұрыс жазу емлесін меңгереді, айтылудағы ерекшеліктерді сақтауға дағдыланады.

Сабақтың жүрісі:
І Ұйымдастыру бөлімі
«Танысу» тренингі. Оқушылар ортада «Шаттық шеңберін» жасап, дөңгеленіп тұрып, бір шетінен аты - жөнін таныстырып, өзінің қандай екенін айтып, шығады. Қолдарына кішкене бетшелер таратылады. Бетшелер бойынша топтасады. Мысалы: «Зат есім»тобына қатысты сөздер – Қазақстан, елтаңба, әнұран, президент, халық; «Сын есім»тобына қатысты сөздер – әдемі, жасыл, тәтті, көркем, сұлу; «Сан есім»тобына қатысты сөздер – тоғыз, жеті, бесінші, №1, 50; «Етістік»тобына қатысты сөздер – нұрландырады, көтеремін, мақтайсың, жеткізеді, өрлейді.

Тапсырма сұрақтарына жауап берген оқушылар жұлдызшалар алып отырады. Сабақ соңында жұлдызшалар санына қарай баға қойылады.
Демек қандай ой айтар едіңіздер? ( тіліміздегі кейбір сөздер қалай жазылса, айтылуда солай дыбыстала бермейді екен.)

ІІІ Жаңа сабақты меңгертуге байланысты тапсырмалар:
1. Дұрыс жазу үшін:
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Н.Назарбаев.
Дұрыс айту үшін:
Отпасында адам бойындағы асыл ғасиеттер жарқырай гөрініп, қалыптасады. Отаңға деген ыстық сезім жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Н. Назарбаев.

«Орфография» сөзі – «дұрыс жазамын» дегенді білдіреді, «орфо» - дұрыс.
«Орфоэпия» сөзі – «дұрыс айтамын» дегенді білдіреді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама