Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Дене жаттығуларын орындау арқылы қыздырыну және қалпына келтіру техникасы
Сынып: 3Қатысқандар саны: 25Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбыДене жаттығуларын орындау арқылы қыздырыну және қалпына келтіру техникасы.
Оқу мақсаты3. 3. 3. 1 қозғалыс әрекеттерін орындау кезінде ағзадағы физикалық өзгерістердің себептері жайлы пікірлесу
Сабақ мақсатыҚауіпсіздік ережелерді біледі. Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын біледі.
 Жүгірудің әдіс тәсілдерін меңгере алады.
Бағалау критерийіДене жаттығуларын орындау барысында техника қауіпсіздік ережесін сақтайды.
Нәтижеге қол жеткізу үшін орындалатын әрекеттерді атайды.
 Жүгіру машықтарына қатысты өз бойындағы жақсы және осал тұстарды сипаттайды.
Ойлау дағдыларының деңгейіБілу және түсіну. Қолдану 
Тілдік мақсаттарыПәнге қатысты сөздік пен терминдер: мәре, сөре, жүру, жүгіру, екпін алып жүгіру, жылдамдық, шапшаңдық, ептілік, төзімділік, эстафета таяқшасы, спринт. 
Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер: 
Талқылауға арналған сұрақтар: Мәрелік жылдамдық дегеніміз не? Спорттық жүріс пен жүгірудің айырмашылығын білесіз бе? Жүгірудің адам ағңзасына тигізетін пайдасын білесіз бе?
Құндылықтарды дарытуОқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, сабақ кезінде бір - біріне деген әділдік, жауапкершілігін арттыру.
Пән аралық байланыстарБиология, физика пәндерімен байланыстыру.
АКТ пайдалану дағдысыЖүгірудің әдіс - тәсілдерін көрсету.
Алдыңғы меңгерілген білімДене жаттығулары
Сабақтың ортасыТапсырма:
Оқушыларды төрт - төрттен, төрт командаға бөліп, команданы эстафеталық таяқшамен 60 м арақашықтыққа жарыстыра жүгірту. Назар аударылатыны: спортшылардың қауіпсіздік ережені сақтауы, әр қайсысы өз жолымен жүгіруі, таяқшаны түсіріп алмауы, бір - біріне кедергі жасамауы, жылдам жүгіруі.
Дескриптор:
- қауіпсіздік ережесін жұмыс барысында сақтайды;
- мақсатқа жетуде командалық жұмыста көшбасшылық танытады;
- тапсырманы мұқият әрі дұрыс орындайды.
Мен оқушылырдың оқуға белсенділігін арттыру үшін «Кеңес - сабағын» қолданамын. Бұл сабақта негізінен мұғалім оқушылардың өзін - өзі дайындау бойынша, белгілі бір жаттығуларды орындау туралы сұрақтарына жауап береді, оқушымен бірлесіп жалпы және арнайы бағыттағы жаттығулар таңдалып жүргізіледі.
Әр жаттығу үшін таза, бос кеңістік.
  Мұғалім үшін ысқырық, секундомер.

Сабақтың соңыТыныс алу жаттығуларын орындап, сабақты қорытындылау, «Бағдаршам» әдісімен бағалау. Үйге тапсырма беру.

Саралап оқыту - көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз?
Қабілеті жоғары оқушыларды дамытуды қалай жоспарлайсыз?
Бағалау - Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалайша жоспарлап отырсыз?Денсаулық және қауіпсіздік техникасын қадағалау
  • Сабақта уақытты ұтымды пайдалана отырып деңгейлік тапсырмалар кешенін құрамын.
  • Қабілетті оқушыларға тапсырманы күрделендіріп, әлсіздеу оқушыларға жеңілдетілген тапсырмалармен жүктеймін.
  • кері байланыс ұсыну арқылы,
  • мақсатты түрде оқуға уәждеу,
  • мақтау - мадақтау, байқау, тыңдау, сұрақ қою,
  • оқушылардың өзін - өзі бағалау дағдыларын қалыптастырамын.
  • Денсаулық пен қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіру.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама