Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 10 сағат бұрын)
Жүгіру, секіру  және лақтыру әрекеттерінен құрылған қозғалмалы ойындар, дала жарысы
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Жеңіл атлетикаМектеп: № 133 
Күні: Мұғалім аты - жөні: Смайыл Жанқожа
Сынып: 4Қатысқандар саны: 25Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбыЖүгіру, секіру және лақтыру әрекеттерінен құрылған қозғалмалы ойындар, дала жарысы
Оқу мақсатықимыл - қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін білу және орындау
Сабақ мақсатыСабақ кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтайды. Жаттығудың жүгіру, серпілу, ұшу, қону техникасының фазаларын орындайды.
Бағалау критерийіЖүгіріп, секіру техникасын қолданады.
 Жаттығуларды реттілігімен орындайды.
Ойлау дағдыларының деңгейіҚолдану.
Тілдік мақсаттарыПәнге қатысты сөздік пен терминдер: екпін алып жүгіру, секіру, ұшу, аяқты қайшылу, ауада серпілу, екі аяқпен жерге түсу, құмды шұңқыр, ұзындық өлшеу құралы және де топтық эстафеталық жұмыс.
Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер: 
Талқылауға арналған сұрақтар: Бір орыннан тұрып секірудің әдісін білесіз бе? Эстафетаның қанша түрі бар?
Құндылықтарды дарытуСабақ кезінде бір - біріне деген әділдік, жауапкершілігін арттыру.
Пән аралық байланыстарФизика пәнімен байланыстыру.
АКТ пайдалану дағдысыЭстафетаның әдіс тәсілдерін видео көріністерін көрсету. 
Алдыңғы меңгерілген білімШағын допты алысқа лақтыру
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақтағы жоспарланған іс - әрекеттеріРесурстар
Сабақтың басыСапқа тұрғызу, сәлемдесу, кезекшіден рапорт қабылдау, сабақтың тақырыбымен мақсатын айтып түсіндіру, саптық жаттығуларды орындау, алаңда жүру және жүгіружаттығуларын жасау. Тыныс алу жаттығуларын орындау. Сыныпты топқа бөлу. Жалпы дамыту жаттығуларын орындау.Әр жаттығу үшін кең,
таза бос кеңістік.
Ысқырық, секундомер.
 Метр өлшегіш, құм төгілген шұңқыр
Сабақтың ортасыТапсырма:
Жүгіру, секіру және лақтыру әрекеттерінен құрылған қозғалмалы ойындар, дала жарысы әдістерін орындаңыз.
Дескриптор:
- эстафеталық секіру техникасын біледі;
- жүгіріп келіп, аяқты бүге секіреді;
- секіру сызығына келіп итеріледі;
- аяқты қайшылап, ауада қалықтап ұшады;
- қолды алға созып аяқты кеудеге ие бүгіліп қонады;
- секіргенде жүгіру, серпілу, ұшу, қону техникасының барлық фазаларын орындайды.
 Оқушылырдың оқуға деген белсенділігін арттыру үшін түрлі әдістерді қолданамын. Сабақ барысында «Дала жарысы» ойынын ұйымдастырып ойнатамын. 
Әр жаттығу үшін кең,
таза бос кеңістік.
Ысқырық, секундомер.
Метр өлшегіш, тырма, құм төгілген шұңқыр
 Секіруге арналған орын
Сабақтың соңыСапқа тұрғызу, тыныс алу жаттығуларды жасап, бастапқы қалыпты келтіру. Сабақты қорытындылау, «Смайлик» тарату әдісімен бағалау, үй тапсырмасын беру.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама