Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Дыбыс сөздің тірегі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Жекеева Гүлнар

Қазақ тілі 10 – сынып
Өзбек бөлімі.
Сабақтың тақырыбы. Дыбыс сөздің тірегі
Сабақтың мақсаты
Білімділік:
Білімділік: Дыбыстар туралы өткен теориялық материалды пысықтау, ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып білімдерін бекіту
Дамытушылық: Өздері жасаған сызбалар бойынша теориялық материалды дұрыс баяндау машығын қалыптастыру, фонетикалық талдау дағдыларын тұрақтандыру, ойлау, сөйлеу тілін дамыту
Тәрбиелілік: Сатылай кешенді талдаудың нысанасы болатын нысандар арқылы оқушы бойында танымдық, адамгершілік, сабырлылық қасиеттерін сіңіру.
Сабақ түрі: Сайыс сабақ, қайталау сабағы.
Сабақ әдісі: Талдау, Сұрақ - жауап, іздендіру
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Үлестірмелі қағаз
Пәнаралық байланыс: Математика, Әдебиет

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды екі топқа бөлу(Дауыстылар, дауыссыздар)
б) Әділқазы алқасын сайлау
Балалар, біз үшін «Дыбыс - сөздің тірегі»деген тақырыптағы сабағымызды бастайық.
Әулі тақырыпқа назар аударайық. Не себепті осы тақырыпты алдық?
- Өйткені сөз дыбыстан құралады.
- Дыбыс болмаса сөз болмайды.

ІІ. Таныстыру 1. Біз дауысты дыбыспыз
Он екі айдай бір жылдық.
Сөз жасауға қатысып,
Буын жасап тұрамыз.
Өкпеден шығып әндете
Түрлі әуен жасаймыз.

2. Біз дауыссыз дыбыспыз
Жиырма алты санымыз.
Үнді, ұяң, қатаң боп.
Тізбек құрып тұрамыз
Әр топ өздерін таныстыру ( бір шумақ өлең шығару, топтау стратегиясы арқылы дыбыстарға сипаттама беру)

ІІІ. Білімдінің жолы жарық
Сатылай кешенді фонетикалық талдау, Дыбыстарға математикалық тәсілмен сипаттама беру.(Үлестірмелі қағазбен әр оқушыға жеке сөздер тарату) мысалы:

ІV. Жаңылдырсаң да, жаңылмаймын.
Бірінші сөздің соңы, екінші сөздің басы болатын буынды тауып жаз. Осы екі сөзден сөйлем құра.
(Әр топ өз сөздерін құрап шешуге береді) мысалы:
ҚАЛ... ҒАМ (та)
СА... НАТ (қа)
БА... УЫҚ (та)
Ә... МЕ (ке)

V. Таба білсең әріпті, сырын оның ұғарсың.
Метаграммалар құрастыру, және оны екінші топ шешеді. Мысалы:
Суық та бар,
Ыстықта жоқ.
Жау да бар,
Дос та жоқ
(У - дыбысы)

VI. Сүріндірмес сынақ
Берілген сөздердің жазылуын жазып шығыңдар және қалай ықпалдасып тұрғанын түсіндіріңдер.
Орфография ---- Орфоэпия
Көрікбай
Көк гүл
Қас жау
Жанпейіс
Көзсіз
Жазсын
Ашса
Боз жирен
Ала қап
Тоқ екен
Сақ адам
Көп бала
Келе көр
Қара ала
Келе ме екен
Жапан түз
VII. Жорға (жылдам жауап, топтар бір - біріне 4 сұрақтан қояды.)
VIII.« Тізбектен шығып қалма» (Әліпбидің реттік қатарымен әріптерді жаңылыспай айту )
IX. Бағалау.(Білім рейтінгі арқылы)
X. Үйге тапсырма. Қайталау сабағына байланысты 25 тақырыптық тест құрау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама