Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сан есімдердің біздің өміріміздегі маңызы
Қазақ тілі 10 – сынып
(Өзбек бөлімі)
Сабақтың тақырыбы: Сан есімдердің біздің өміріміздегі маңызы
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Сан есімдерді қайталай отырып, сандардың өмірімізбен тығыз байланыста екенін жан - жақты талдай, шығармашылық ізденістер арқылы ашып көрсету.
Дамытушылық: Тілдік тапсырмалар беру арқылы ой қорытуға дағдыландыру, танымын кеңейту, тез қабылдауға жол ашу, өз пікірін айтуға төселдіру, ойлау қабілетін арттыру
Тәрбиелік: Талдауға алынған мысалдар арқылы, мәтіндер арқылы потриоттық сезімге,
Сандардың(киелі) қасиетін білуге, өмірді мәнді сүруге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Сайыс, қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, талдау, іздендіру
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі қағаз, мәтін.

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру.
Сынып оқушыларын ретімен 2 топқа бөліп, топтарға «Миллионерлер»,
«Миллиардерлер» деп ат қойылады. әділқазы сайланады.
Ал, балалар бүгін сабағымызда неліктен топтың аттарын бұлай атадық, қалай ойлайсыңдар?
- бұлар санның атауы.
- Олай болса, «Сан есімдердің біздің өміріміздегі маңызы.» атты ашық сабағымызды бастайық.
ІІ. Біліміңді байқап көр. (Сұрақ - жауап)
1 - Топ
1. Сан есім дегеніміз не?
2. Күрделі сан есімдер ( тіркескен және қосарланған) қалай жазылады?
3. Реттік сан есім нені білдіреді, қалай жасалады?
4. Болжалдық сан есімдер нені білдіреді және қалай жасалады?
5. Бөлшектік сан есімнің ерекшелігі неде?
6. Жинақтық сан есімдер түрлендіруші жұрнақтарды қабылдай ма?

2 - топ
1. Сан есім зат есімнің қандай мағыналық белгілерін білдіреді?
2. Есептік сан есімнің ерекшелігі неде?
3. Жинақтық сан есімнің ерекшелігі неде?
4. Топтау сан есімінің ерекшелігі неде?
5. Есептік сан есімдер сандық мөлшерін білдіргенде өзгеріске түсе ме?
6. Бөлшектік сан есім заттанып септеліп, жіктеле ме?

ІІI. Сан есімнің мағыналық түрлерін ажырат.
Он шақты, елу - алпыстай, жетеу, жүз - жүзден, бес - бестен, жиырма үшінші, мың тоғыз жүз елу алтыншы, отыз жетіде, жүз шамалы, төрттің бір бөлігі, алпысқа таяу, үш жарым, екінші, он екіде, он - он бестей, оннан бірі, алтау, он төрт, біреу, бір бүтін оннан үш, он жетіден. бір ширек, елу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама