Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Күзгі орман (ересек тобына)
«Күзгі орман» атты ересек тобына арналған мерекелік сценарий
Қатысушылар: Күз ханшайымы, Орманшы атай, Жауын – шашын, Жел, Тиіндер, Көкөністер, Жемістер.
П. И. Чайкосвкийдің «Баркаролла» әуенімен балалар залға кіреді.
Орындалатыны: би (2), ән (3), ойын (3).

Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Амансыңдар ма, қонақтар! Бүгінгі біздің мерекемізге қош келдіңіздер!
Күз ұсынып егісі мен жемісін, әкелді халыққа бар молшылық.
Сары жапырақ алтындай боп төгілсін, Елімізде болсын әркез көпшілік.
Бүгінгі біздің мерекемізге Күз ханшайымы да келді. Балалар, Күз ханшайымын қарсы алайық.
Әдемі әуенмен залға Күз ханшайымы кіреді.
Күз: Амансыңдар ма, балалар! Сәлеметсіңдер ме, қонақтар! Таңертең орман ішін аралап жүрсем, құстар маған «Балауса» балабақшасының балалары мені қонаққа күтіп отыр деп жеткізді. Балалар, барлықтарын қандай әдемі болып отырсыңдар, залды да әдемі безендіріп қойыпсыңдар. Маған өте ұнайды.
Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балаларымыз Сізге арнап өз өнерлерін көрсеткісі келіп, тақпақтарын айтқысы келеді.
(ортаға 3 бала шығады)

1 – бала: О, алақай тамаша,
Шашу шашты жапырақ,
Бақтың іші алаша,
Аунар ма едім жатып – ап.

2 – бала: Күзім - ау, күзім - ау,
Мінезің бұзық - ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық - ау.

3 – бала: Күзгі жел болса айнала,
Жапырақтар шулайды,
Жерге түсе бастайды.
Күз: Біз сендермен қосыла
Жапырақтар жинаймыз.
Жапырақтармен бірге,
Би билеп, ән саламыз.
Ән «»

Желдің әуені естіледі, залға жел кіреді.
Жел: Мен - Күзгі желмін. Бұлттарды көшіріп, жапырақтарды алысқа ұшырамын. (Осы сөздерді айтқанда Жел залдың ортасына жапырақтарды шашады).
Күз: Жел, жел, сен асықпа. Бұлттарды көшірдің, жапырақтарды да алысқа ұшырдың.
Кішкене тынышталып, бізбен бірге мерекені тойла.
Жел: Сендермен көңіл көтеруге уақытым жоқ, басқа да балалар мені күтіп отыр. (Жел тағы да бір айналып залдан шығады).
Күз: Әне, Жел де барлық жапырақтарын шашып ұшып кетті. Енді мына жапырақтарды қалай жинаймын?
Балалар: Мұңайма, Күз ханшайымы. Біз саған көмектесеміз.
Қыздар залдағы жатқан екі жапырақтан алады.
«Жапырақтармен би» орындалады.

Күз: Рахмет, балалар, сендер маған жапырақтарды жинауға көмектестіңдер, және би билеп көңілімді көтердіңдер.
(Есіктің ар жағынан: «Апчхи! Апчхи!» деп біреу түшкіреді).
Жүргізуші: Балалар, тоңып қалдыңдар ма?! Ай - яй - яй, не істеуге болады? (Хроматикалық гаммасы төмен) әуенмен Жауын - шашын кіріп билейді, айналады.
Жауын – шашын: Күз, сен осындасың ба? Саған орманда жүр деп айттым ғой! Ал сен болсаң, көңіл көтеруге, күліп - ойнауға балаларға келген екенсің ғой.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама