Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Дүниежүзілік мұхит
География 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзілік мұхит
Сабақтың мақсаты: оқушылардың дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері бойынша білімдерін тереңдетіп, жан - жақты білім беру.
Ойлау қабілеттерін, шапшаң ойлауын. Өз беттерімен жұмыс жасай білу дағдыларын дамыту.
Қоршаған ортаның табиғатын аялауға, қастерлей білуге тәрбиелей оқыту.
Сабатың көрнекілігі: глобус, дүние жүзі физикалық картасы, кескін карта.

І Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылығын арттыру.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру. (сұрақ - жауап арқылы)
1. Үшінші ғаламшар (Жер)
2. Қанша географиялық қабық бар? (4)
3. Жер ғаламшарындағы су қабығы (гидросфера)
4. Су қай ғаламшарда сұйық күйінде болады? (Жер)
5. Шолпан ғаламшарында су қандай күйде болады? (газ)
6. Теңіздің, мұхиттардың суының дәмі қандай? (ащы, ішуге жарамсыз)
7. Мұз бен өзен сулары ащы ма, әлде тұщы ма? (тұщы)
8. Жер ғаламшарына жақын орналасқан Марста су қандай күйде болады? (мұз)
9. Су көз алдымызда неше күйде бола алады? (3)
10. дүниежүзілік су айналымы дегеніміз не? (судың мұхиттан құрлыққа және құрлықтан мұхитқа үздіксіз айналу үрдісін дүниежүзілік су айналымы деп атаймыз)

2. Топтастыру:
Гидросферадағы судың жалпы мөлшері 1, 6 млрд км³

97% мұхиттар мен теңіздер
Тұщы су 2, 5%
мұздық пен
тұрақты қар 1, 7%
өзен, көл, батпақ,
жер асты сулары 1, 7%
атмосферадағы су 0, 06%

Жаңа сабақ: оқушылардың қызығушылығын ояту.
Картамен жұмыс. Нысанаға сәйкес сандарды картадағы дөңгелектерге жазыңдар.
1 - Гренландия аралы
2 - Мадагаскар аралы
3 - Жерорта теңізі
4 - Охот теңізі
5 - Мексика шығанағы
6 - Дрейк бұғазы
7 - Арабия теңізі
8 - Каспий теңізі
9 - Қара теңіз
10 - Гудзон шығанағы

Сәйкестігін тап:
Тынық
Атлант
Үнді
Солтүстік Мұзды
Аралдар
Теңіздер
Шығанақ

92 млн. км2
Жапон
180 млн. км2
Мадагаскар
Баренц
Мексика
14 млн. км2
Мариан

Сынып оқушыларын 5 топқа бөліп, сұрақтар беру:
І топ. Дүниежүзілік мұхит
1. Дүниежүзілік мұхит дегеніміз не?
2. Дүниежүзілік мұхит неше бөліктен тұрады?
3. Тынық мұхиты.
4. Атлант мұхиты.
5. Үнді мұхиты.
6. Солтүстік мұзды мұхиты. Әр мұхиттың ауданы (км2), жиектейтін материктер мен аралдар, ең терең жері, мұхит шекараларын айтып көрсету.

ІІ топ. Материктер мен аралдар, түбектер.
1. Материктер немесе континенттер дегеніміз не?
2. Жер шарында неше материк бар?
3. Жер шарында неше дүние бөлігі бар?
4. Арал дегеніміз не? Дүние жүзіндегі ең үлкен аралды және т. б. аралдарды картадан көрсетіңдер.
5. Түбек дегеніміз не?

ІІІ топ. Теңіздер
1. Теңіздер дегеніміз не?
2. Теңізді мұхиттан нелер бөліп тұрады?
3. Теңіздер қайда болады?
4. Ішкі теңіздер дегеніміз қандай теңіздер?
5. Сыртқы теңіздер дегеніміз қандай болады?

ІV топ. Шығанақ.
1. Шығанақ дегеніміз не?
2. Атлант мұхиты шығанақтарын картадан көрсет.
3. Үнді мұхитының шығанақтарын картадан көрсет.
4. Тынық мұхиты шығанақтары.
5. Солтүстік мұзды мұхит шығанақтарын атау, картадан көрсету.

V топ. Бұғаз.
1. Бұғаз дегеніміз не?
2. Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері бір - бірімен нелер арқылы жалғасады?
3. Бұғаздардың ені, тереңдігі, ұзындығы бірдей ме?
4. Қандай бұғаз екі теңізбен екі мұхитты қосып, екі материкті және екі мемлекетті бөліп тұрады?
5. Бұғаздарды картадан кім тез әрі көп көрсетеді?

Оқушылар берілген сұрақтарға оқулықтағы мәтінді оқи отырып жауап береді. Әр топ өз тақырыбын талдап, айтып бергеннен кейін, қорытындысын топ басшысы айтады. 1 - топқа берілген мәтіннің мазмұнын 2 - топ, 2 - топтың тапсырмасын 3 - топ, 3 - топтың тапсырмасын 4 - топ, 4 - топтың тапсырмасын 5 - топ, 5 - топтың тапсырмасын 1 - топ айтады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама