Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Жайылымдағы қошақандар
Білім беру саласы: «Таным»
Бағдарлама тарауы: Құрастыру
Тақырыбы: «Жайылымдағы қошақандар»
Мақсаты: Балалардың саусақ бұлшық еттерін жетілдіру, қағазды умаждау арқылы қошақандарды қалай жасауға болатынын түсіндіру, малдың төлдеріне қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Құрал жабдықтар:
Қостілдік компонент: қошақандар – ягнята

Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Шаттық шеңбері:
«Біз көңілді баламыз»
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға гүл шашылды.
Қайырлы күн! Біз еңбекқор баламыз!
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!
Шеңбер жасап тұрады.
Іс – қимылдармен көрсетеді.

- Балалар, сендерге мен бір өлең жолдарын оқып берейін.
Өлеңді мұқият тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді.

Балалар тәрбиешіні тыңдай отырып суреттерге қарайды.
Мал баласын сүйеді.
Қой сүйеді баласын «қошақаным» деп,
Ештеңені білмейтін «момыным» деп.
Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп,
Тастан тасқа секірген «шұнағым» деп.
Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,
Қараңғыға баспаған «қорқағым» деп.
Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп,
Тұлпар болып жүгірер «жұрыным» деп.
Түйе сүйеді баласын «боташым» деп,
Жаудыраған көзіңнен «тоташым» деп.

- Бұл өлең жолдарында не туралы айтылған.
- Үй жануарлары
- Неліктен оларды үй жануарлары деп атаймыз?
- өйткені оларды үйде асырайды.
- Үй жануарларының төлдерін атаңдаршы.
- Бұзау, қошақан, құлын, бота, лақ.
- Ал, сендерді аналарын қалай еркелетіп айтады.

Үнтаспадан дыбысын тыңдатады.
- қошақанның дауысы
- Балалар, бұл ненің дауысы?
- Ия, дұрыс айтасыңдар қошақанның дауысы.
- Қошақан ненің төлі?
- Қойдың

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама