Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Дизайн. Қағаздан бұйымдар жасау
Сабақтың тақырыбы: Дизайн. Қағаздан бұйымдар жасау

Мақсаттары:
1. Оқушыларға дизайн жайлы кеңірек түсінік беру.
2. Қағаздан бұйымдар жасап, олардың форма, пішін, түрлерін өзгерту әдіс - тәсілдерін меңгерту.

Міндеттері:
1. Оқушылардың пәнге қызығушылығын ояту, өз ойларын еркін айту қабілетін арттыру.
2. Әсемдікке, ұқыптылыққа, үнемділікке, бірлесіп топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Керекті құрал - жабдықтар: түрлі - түсті қағаздар, қайшы, желім, қарындаш
Сабақтың көрнекілігі: Мәтін үлгісі (әр топқа) дизайн үлгісінде жасалған бұйым түрлері

Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, қажетті құрал - жабдықтарын тексеру.
Сынып оқушыларын III топқа бөлу.
I. Қызығушылығын ояту.
Өткен сабақты сұрақ - жауап арқылы қайталау.
1. Акварель дегеніміз не?
Акварель – суда еритін, мөлдір бояулар және осы бояумен орындалатын шығармалар.
2. Гуашь дегеніміз не?
Гуашь бояулары – суда еритін қоймалжың бояулар.
3. Натюрморт дегеніміз не?
Натюрморт – жансыз заттарды бейнелеу өнері.
4. Пейзаж дегеніміз не?
Пейзаж – табиғатты бейнелеу өнері.
5. Портрет дегеніміз не?
Портрет – адамдарды бейнелеу.
6. Мүсін дегеніміз не?
Мүсін дегеніміз – бейнелеу өнерінің бір түрі. Мүсін шығармалары көлемді болады.

Сұрақтарға жауап алу арқылы «Бояулар сырында» еске түсірейік.
Қызыл + көк = күлгін
Қызыл + сары = сарғыш қоңыр
Көк + сары = жасыл

II. Мағынаны тану.
Әр топ оқушыларына мәтін таратылады.

Дизайн
Әр түрлі материалдан жасалатын көркем бұйымдар мен заттардың жобасын ең алдымен дизайншылар жасайды. Дизайн дегеніміз – адамға қажетті заттар мен бұйымдарды ыңғайлы, үйлесімді және әдемі етіп жобалау, жасау.
Дизайнның ең алғашқы түрі 1928 жылы АҚШ – та пайда болды. Мұнда бірнеше дизайндық фирмалар құрылды. Сол кезден бастап дизайн жаңа қызметтің түріне айналды.
ТМД елдеріне 1962 жылдан бастап дизайн өнері ене бастады. 1987 жылдан бастап Дизайн одағының шығармашылық ұйымы құрылды. Дизайн өнерін елімізде дамыту үшін арнаулы қаулы қабылданды.
Дизайн өнерінің терминдік атауы жаңа болғанымен, ол өзі негізінде ертеректен - ақ қалыптасқан. Қазақ халқының қолөнері түрлерінен дизайнды анық көруге болады. Қазақтың қарапайым жіп иіретін ұршығынан бастап дизайн. Ұлттық қару - жарақ, ыдыс - аяқ, музыка аспаптары, сандық пен кебеже түрлері, т. б. бәрі де дизайндық үлгіде жасалғандықтан дәлел бола алады.
Дизайн өндірістік, графикалық, автомобильдік, интерьерлік жиһаздық компьютерлік болып бөлінеді.
Республикамызда дизайн өнеріне айрықша мән беруде. Өйткені ол өндірістік тауарларымыздың дүниежүзілік нарықтық экономикадағы рөлін көтереді. Дизайн заман талабынан туындаған өнердің озық үлгісі болып табылады.
Дизайнды оқып үйренудің өзіндік үйлестіру заңдылықтары бар. Атап айтқанда: статика, ритм, динамика, симметрия, метр, ассимметрия, июанс, контраст т. б.
Жалпы дизайн өнерінің өмірде араласпайтын жері жоқ, өндіріс болсын, күнделікті қолданылатын үй жиһаздарынан бастап жеке бұйымдарға дейін дизайндық үлгіде жасалады.
Бүгінгі өмірде дизайнның алатын орны ерекше. Үйдің ішкі және сыртқы құрылысын еуропалық дизайнмен жасақтау дәстүрге айналып барады.
Дизайн дегеніміз – кез келген бұйымның жаңа үлгісін жан - жақты салыстырып, заман талабына сай жасау деген сөз.

Әр топтан оқушылардың жауаптары тыңдалды.
Өзім тірек сызбалар арқылы дизайн өнерінің пайда болуы, қолданылуы, түрлері жайлы толықтырып өтемін.
Практикалық жұмыс «Вазадағы гүл» дизайн

III. Ой толғаныс (топқа тапсырмалар) жасалу жолы түсіндіріледі.

Оқушылар түрлі - түсті қағаздан әртүрлі нәрселер жасалады.
Оқушылар бұйымдарынан тақтада көрме ұйымдастырылады да, сынып оқушылары жұмыстарына қарай бағаланады.

Үйге тапсырма беру:
Әртүрлі бұйымдар жасау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама