ХХІ ғасыр майталманы
Сабақ тақырыбы: ХХІ ғасыр майталманы.
Сабақ мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып,
7, 8, 9 - сыныптарда өткендерін еске түсіру. Алда үлкен сын күтіп тұрғанын еске түсіру
Керекті құрал - жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар, жетондар
Сабақ түрі: жарыс түріндегі сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап.
Сабақ барысы:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Еліміздің ертеңі білімді азаматтың қолында екені өздеріңізге белгілі. Бүгінгі білімді шәкірт ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын азамат. Сол азамат бойында тапқырықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады. Бүгінгі «ХХІ ғасыр майталманы» атты интелектуалдық сайысымызға қатысушы оқушылармен таныс болыңыздар.
--------------------
Әділқазы алқасын тағайындау
------------
Жарыс 4 бөлімнен тұрады:
I. Космос
1. Қандай уақытта Жер Күнді толық бір айналым жасайды? (365 тәулік)
2. Бізге ең жақын жұлдыз? (Күн)
3 Бірінші ғарышкер Ю. А. Гагариннің орбитаға ұшу сапарындағы космостық кемесі қалай аталды? (Восток)
4. 1969 жылы 21 шілдеде Айдың бетіне алғаш қадам басқан, мына американдық астронавт. (Н. Армстронг)
5. 2006 жылы өткен ассамблеяның III Халықаралық астрономдар бірлестігінде ол планета деген статусынан айырылды, бірақ көптеген астрономдар ол шешіммен келіспей өз наразылығын білдірген болатын (Плутон)
II. Ғалымдар
1. Классикалық механиканың негізін салушы? (И. Ньютон)
2. Ваннадан шыға сала, “ЭВРИКА” деп айқайлаған ғалым? (Архимед)
3. Самос аралында дүниеге келген ұлы математик және философ, сонымен қатар Олимпиада ойындарының жеңімпазын ата? (Пифагор)
4. Физика тарихына енген ғалым, ағылшын ботанигі? (Броун)
5. Оның “бастамаларында” геометрия және теориялық арифметиканың негізгі заңдылықтары туралы айтылған? (Евклид)
III. Физика табиғатта
1. Аса қажет өмірге халық үшін, пайдаланамын күн сайын жарық үшін (Электр тогы)
2. Грек тілінен аударғанда “электрон” қандай мағынаны білдіреді? (Янтарь)
3. Ағаштардың қайсысы орнықты тепе - теңдік қалыпта бола алады? (Емен)
4. Адамның қан айналым жүйесіндегі қысымы мм. сын. бағ. нешеген тең? (Жоғарғы қан айналым қысымы 100 - 120 мм сын. бағ.)
5. 4 түліктің қайсысы тапталған және батпақты жерлерде тез жүреді? (Сиыр)
IV. Жылу
1. Плитадағы жарты литрлік ыдыстағы судың үлкен шәйнектегі суға қарағанда тез қайнау себебі неде? (Оған аз жылу қажет)
2. Қайнап тұрған суға өсімдік майын құйса ештеңе болмайды, ал қайнап тұрған майға су тамызса, шашырап кететіні неліктен?
(Майға қарағанда судың булануы жылдам. Су майдың астына өтеді де тез буланады)
3. Космоста салқын ба? Сіз кемені тастап, ашық космоста термометрді алдым деп ойлаңыз. Ол нені көрсетеді? (Температураны вакуумде өлшеуге болмайды)
4. Қар жауған кезде ауаның жылынып кету себебі неде? (Кристализация жылу бөлу арқылы жүреді)
5. Қалайыны суда балқытуға болама? (Иә, егер ішкі қысымды ұлғайтсақ)
V. Өлшем бірліктер
1. СИ жүйесіндегі ұзындықтың өлшем бірлігі? (Метр)
2. Қуаттың өлшем бірлігі? (Ватт)
3. Электр өрісі кернеулігінің өлшем бірлігі? (Вольт бөлінген метр)
4. Зат мөлшерінің СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі (Моль)
5. Вакуумдағы жарық жылдамдығының өлшем бірлігі (Метр бөлінген секунд)
VI. Физика жұмбағы
1. Күннен де күшті, желден әлсіз, аяғы жоқ жүреді, көзі жоқ, жылайды? (Бұлт)
2. Жерде жатады: бояй алмайсың, құлата алмайсың, баса алмайсың? (Көлеңке)
3. Қызықты сұрақ (10 сынып оқушысы қызықты тәжірибе көрсетіп, сұрақ қояды)
4. Мамықтай ұлпа, қанттай аппақ,
Қыста жер бетін басады.
Жазда сайға қарай қашады
(Қар)
5. Аяғы жоқ, қолы жоқ, бірақ үйге кіреді
(Жылу мен суық)
Өкінішке орай осы бөлімнен соң ең аз балл жинаған 4 оқушы ойынды жалғастыра алмайды. Олар:
ІІІ бөлім: «Кім жылдам?» (Оқушылар берілген 3 формуладан формула түрлендіреді, әр дұрыс формула 1 балмен бағаланады)
ІV бөлім: «Бәйге» (30 секунда 10 сұрақ оқылады, әрбір дұрыс жауап 1 балдық жүйемен бағаланады)
1. Кеменің төменгі бөлігі бататын тереңдіктің аталуы? (Ватер сызығы)
2. Ватт ненің өлшем бірлігі? (Қуат)
3. Физика нені зерттейді? (физикалық құбылыстарды)
4. Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне былтыр неше жыл болды? (20 жыл)
5. Астрономия ғылымы нені зерттейді? (аспан денелерін)
6. Қазақстанда қолданылатын күнтізбе? (Григорян)
7. м/с - ненің өлшем бірлігі? (жылдамдық)
8. Сұйықтың көлемін өлшеуге арналған құрал? (мензурка)
9. Сүрінген адам қалай қарай құлайды? (алға)
10. Денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды, не түзусызықты және бірқалыпты қозғалысын жалғастырады. Бұл Ньютонның нешінші заңы? (1 заң)
1. Күшті өлшейтін құрал? (динамометр)
2. Физика нені зерттейді? (физикалық құбылыстарды)
3. м/с2 - ненің өлшем бірлігі? (үдеу)
4. Күн жүйесіндегі планеталардың орбитасы не тәріздес болып келеді? (эллипс)
5. Адам жоғары қарай биіктеген сайын не әсер етеді? (қысым)
6. Изопроцестердің неше түрі бар? (3 - түрі)
7. Булануға кері процесс? (конденсация)
8. Ньютон заңдары орындалатын санақ жүйесі? (инерциялық санақ жүйесі)
9. Заттың 3 күйін ата? (қатты, сұйық, газ)
10. Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал оның массасына кері пропорционал. Бұл Ньютонның нешінші заңы? (2 заң)
Осымен сайысымызда өз мәресіне жетті, әділ - қазылар алдарыңыздағы ұпай санын есептеңіздер, ең көп ұпай жинаған оқушы жеңіске жетеді.
Құрметті оқушылар!
Алдарыңда тұрған үлкен сыннан сүрінбей өтулеріңе тілектеспін. Қандай сын болмасын, қасқая қарсы тұра біліңіздер!!!
«ХХІ ғасыр майталманы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті, келген көрермендерге алғыс айта отырып кешімізді аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.