Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Есеп. Қанша артық?
Сабақтың тақырыбы: Есеп. Қанша артық?
Сабақтың мақсаты:
а) Бірінші заттың екінші заттан нешеуі артық екенін табуға үйрету.
ә) Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, қызығушылығын ояту.
б) Ізденімпаздыққа баули отырып, сауатты жазуға, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, оқулық, суреттер, сандар, «Бауырсақ» ертегісі
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1) Оқушыларды түгендеу, зейінін сабаққа аудару.
2) Психологиялық дайындық

Оқушылар: Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Біз көңілді баламыз,
Сәлемдесіп аламыз.
Мұғалім: Бүгінгі сабағымыздың мақсат міндеті:
Оқушылар: Мақсатымыз – білім алу,
Міндетіміз еңбектену.
Еңбектену арқылы
Биікке қол жеткізу.

Үй жұмысын тексеру
3 – есеп. 119 - бет. Салыстыр.
6 + 2 = 8
4 + 5 = 9
6 + 3 = 9
3 + 4 > 6
6 + 4 > 9
2 + 5 > 4

Қызығушылығын ояту
Мұғалім: Қандай таңбаларды білеміз?
- +; -; =;.
Мұғалім: Қандай сандарды білеміз?
- 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10.
Мұғалім: Қосудың компоненттерін атайық.
- Қосылғыш. Қосылғыш. Қосындының мәні.
- Мысалы: 2 + 1 = 3.
Мұғалім: Азайтудың компоненттерін атайық.
- Азайғыш. Азайтқыш. Айырманың мәні.
- Мысалы: 3 – 1 = 2
Мұғалім: Қосу мен азайту өзара кері амалдар.

«Кері амалды тап» ойыны

2 + 3 = 5
3 + 3 = 6
4 + 3 = 7
5 – 3 = 2
6 – 3 = 3
7 – 3 = 4
Мұғалім: Қосу амалының қандай қасиеті бар?
- Ауыстырымдылық қасиеті бар.

Мұғалім: Өте жақсы. Ережені кім айтады?
- Қосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді.

Мұғалім: Балалар, сендер ертегіні ұнатасыңдар ма? Қандай ертегіні білесіңдер?
- «Шалқан», «Бауырсақ», «Мақта қыз бен мысық».

Мұғалім: Олай болса, біз бүгінгі сабағымызды «Бауырсақ» ертегісімен бастайық.
- Ертеде ата мен әже болыпты.
Ата: Кемпір – ау, маған бауырсақ пісіріп берші.
Әже: Шал – ау, үйде ұн жоқ қой, - дейді.
Ата: Сонда шал ашуланып, қаптың түбінде азғантай ұн бар ғой, соны ал да пісірші, - дейді.
Әже: Жарайды, пісірсем пісірейін деп ұнды илеп бауырсақты пісіре бастайды.

Мұғалім: Әжеміз бауырсақ пісіргенше балалар біз бүгінгі сабағымызды өтейік.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Есеп. Қанша артық?»

Тақтамен жұмыс
(Күннің жадын, тақырыпты жазу)

1 – есеп.
Оқы. Есепті шығар.
Бірінші бумада 6 кітап, ал екінші бумада 4 кітап бар. Бірінші бумада неше кітап артық?
І бумада – 6 кітап
ІІ бумада – 4 кітап.? артық
Ш: 6 - 4 = 2
Ж: 2 кітап артық.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама