Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Еңбек туралы мақал-мәтелдер
Сынып: 10
Сабақтың мақсаты: Мақал - мәтелдердің тәрбиелік мәнін талдау, өмірмен байланыстыра отырып материалды меңгерту
Сабақтың міндеттері:
1. Оқушыларды өз ойын еркін айта білуге баулу
2. Тақырыпқа байланысты ой шақыру
3. Әңгімелесу дағдысын шыңдау
Күтілетін нәтиже:
- Бала ойын барынша еркін жеткізе алады.
- Мақал - мәтелдерді түсініп, талдай алады.
- Сұрақтар қоя біледі, көршісінің жауабын тыңдай біледі.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игеру
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сыни тұрғыдан ойлау, диалогтық тәсіл, жұптық жұмыс, оқытудағы басқару
Жұмыс түрлері: Топтық, жұптық жұмыс, ой қорыту, бағалау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, стикерлер, бағалау парағы, таратпа мәтіндер
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, этнопедагогика

Меңгерілетін сөздер: мін - брак,
ұйқы - сон,
тынықтырады - освежает,
шынықтырады - закаляет,
көркейтеді - красит,
бас иеді - покоряется,
құнды - ценно,
іскер - мастер,
ұста - кузнец, мастер,
жеңбек - победит

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. 10 минут
Амандасу рәсімі. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Оқушыларды топқа бөліп, жұмыс жоспарымен таныстыру, топ көшбасшысын сайлап алу.
Сабақтың тақырыбын Топтастыру әдісі бойынша суреттермен жұмыс жасап, оқушылардың көмегімен ашып алу.
Жаңа сабақ. 20 минут
Әр топқа еңбек туралы мақал - мәтелдер мәтіндерін таратып, сол материалдар бойынша топ ішінде жұмыс жасау:
1. Мақал - мәтелдердің мазмұнын ашатын сызба жасау
2. Мақал - мәтелдер бойынша сұхбаттасу (3 сұрақ - жауап)
3. 3 мақалдан негізгі ойды білдіретін сөзді анықтау, сол сөздермен сөз тіркесін құрастыру
4. Қарсы топқа мақал - мәтелдер бойынша 1 сұрақ ойластыру

Бекіту кезеңі. 5 минут
Мақал - мәтелдерді керекті сөздерді қойып толықтыру

Үй тапсырмасы. 2 минут
Мақал - мәтелдерді жаттап алу
Еңбек кодексі деген не? (сұраққа жауап іздеу)

Қорытынды. 3 минут
Мына сұрақтарға жауап бер:

1 Сабақта қалай жұмыс істедім?
(Как я работал на уроке?) Белсенді (активно)
Баяу (медленно)
2 Жұмысыма...
(Своей работой...) Қанағаттанамын (удовлетворен)
Қанағаттанбаймын (не удовлетворен)
3 Сабақ уақыты қалай өтті?
(Как прошло время на уроке?) Жылдам (быстро)
Ұзақ (долго)
4 Сабақтың соңында мен...
(В конце урока почувствовал... ) Шаршадым (усталость)
Шаршамадым (бодрость)
5 Көңіл - күйім қандай?
(Каково мое настроение?) Жақсы (хорошее)
Нашар (плохое)
6 Сабақ материалы мен үшін қалай болды?
(Материал урока для меня был...) Оңай (легкий)
Қиын (сложный)

Бағалау. 5 минут
Бағалау парағын пайдаланып, оқушы өз жұмысын бағалайды

Еңбек туралы мақал - мәтелдер
1 Шын шеберде мін болмас.
2 Бақыт кілті – еңбекте.
3 Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады.
4 Адамды еңбек көркейтедi.
5 Сен iстi сүйсең, iс саған бас иедi.
6 Ағаш жемісімен құнды, адам – ісімен.
7 Бүгiнгi iстi ертеңге қалдырма.
8 Iскер келсе, iс бiтер.
9 Күшiңе сенбе, iсiңе сен.
10 Көп көрген – нұcқа, көп iстеген – ұcта.
11 Кiсiнiң сөзiн малданба, iсiн байқа.
12 Iстесең – тiстерсiң.
13 Сабыр мен еңбек бәрiн жеңбек.
14 Еңбек ет те, мiндет ет.
15 Байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер.
16 Бiтер iстiң басына, жақсы келер қасына.

Мақал - мәтелдерді керекті сөздерді қойып толықтыру
Шын _____________ де мін болмас.
Бақыт ___________ – еңбекте.
Ұйқы тынықтырады, ____________ шынықтырады.
Адамды еңбек ______________.
Сен iстi сүйсең, iс саған ______________.

Мақал - мәтелдерді керекті сөздерді қойып толықтыру
Ағаш жемісімен ___________, адам – ісімен.
Бүгiнгi iстi ______________ ге қалдырма.
___________ келсе, iс бiтер.
Күшiңе сенбе, ___________ сен.
Көп көрген – нұcқа, көп iстеген – ____________.

Мақал - мәтелдерді керекті сөздерді қойып толықтыру
Iстесең – ________________
_____________ мен еңбек бәрiн жеңбек.
Еңбек ет те, _____________ ет.
___________________ атасы – еңбек, анасы – жер.
Бiтер iстiң басына, ______________ келер қасына.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама