Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Қызықтыру тестісі
Қызықтыру тестісі
Мақсаты: Деңгейлеп оқыту тенологиясының барысында тестік тапсырмалар орындау – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады және ақыл - ойын, ойлау қабілетін дамытады.

(«Бәрімізге бір амал» ойын – тесті)
Қорбаң – қорбаң етеді,
Балды жақсы көреді.
Бұл не? (Аю)

Онда аюдың тестін орындайық.
1кг алма 200 теңге тұрады. 2, 5 кг алма қанша тұрады? (500 теңге)

Өзінше ноян,
Қорқақ не? (Қоян)
Ендеше қоянның тапсырмасын орындайық.̶

3/4 =15/20 өрнегі пропорция бола ма? ( Иә, болады)

Туғаннан жаңғақ жеп жетілген,
Бұтақтан бұтаққа секірген.
Бұл не? (Тиін)

Онда тиіннің әзірлеген тестісін орындайық.
640 теңгенің 50% - ін есептеп шығар. (320 теңге)

Айлакер қу, ұзын тұрқы
Жүрген жері күлкі.
Бұл не? (Түлкі )

Енді түлкінің тестісіне кірісейік.
Тік бұрыштың 3 – тен 1 бөлігі неше градусқа тең? (30⁰)

Үсті толған ине, түрпі.
Бұл не? (Кірпі)
Кірпінің тестісін орындайық.

2 минут пен 180 секундтың қайсысы ұзағырақ? (180 секунд)

Күжірейген жалы бар,
Ақырғаны естіледі алыстан.
Бұл не? (Арыстан)

Онда арыстанның тестісін орындайық.
Теңдеудің жауабын тап: у - 32=38 (у=70 )
Ала жолақ тоны мен,
Мұрты да бар бір қарыс,
Аты оның - ( Жолбарыс )

Жолбарыстың тапсырмасын орындайық.
89⁰- қандай бұрыш? (Сүйір бұрыш)

Бақылдайды көлде оның мекені,
Осыдан – ақ көрініп тұр не екені
Бұл не? ( Бақа)
Енді балықтың тапсырмасын орындайық.

Тез есепте: 25•9•4= ( 900 )
Желбезекті, қанатты,
Суда жүзетіні анық.
Бұл не? ( Балық )
Енді балықтың тапсырмасын орындайық

Толық бұрышта неше тік бұрыш бар? (4 - еу)
Көгімізде самғаған
Қалықтаған зымыран
Бұ не? (Қыран)
Онда қыранның тестісін орындайық.

12000 см ұзындық неше метрге тең? (120 метр)

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама