Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ғабит Мүсіреповтің «Жапон балладасы»
Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің «Жапон балладасы»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: әңгімелердің тақырыбын айқындап, идеялық мәнін ашу, маңызын түсіндіру, негізгі түйінін ашу;
ә) дамытушылық: оқушылардың қоғамдық – саяси көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін жеткізе білуге, тіл байлықтарын дамытып, өз бетімен ізденіп, ой қорытындысын жасауға дағдыландыру, мәнерлеп оқуға жаттықтыру;
б) тәрбиелік: оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, адалдыққа, бауырмалдыққа, бүкіл адамзатты сүйе білуге тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру.
Қолданылатын көрнекілік: Ғ. Мүсірепов портреті, шығармалар жинағы, Б. Сүлейменов «Хан шатырындағы кездесу» кітабы, О. Сүлейменов кітабы,
слайд, тірек – сызбалар, топтастыру, үнқабылдағыш
Сабақ типі: жаңа әдеби шығарманы меңгеру сабағы
Сабақ түрі: «Ашық журнал сабағы»
Әдіс – тәсіл: пікірлесу, сұрақ – жауап, талқылау

Сабақтың тақырыбы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуы, даярлығы тексеріліп, назарлары сабаққа аудартылады.
2. Ауызша журналдың бірінші беті. «Қандай іске кіріссең де, таза қолмен кіріс»
Үй тапсырмасы бойынша Ғабит Мүсіреповтің «Автобиографиялық әңгімесіне» талдау жұмыстары жүргізіледі.

а) Оқушылар кезекпен тақтаға Ғабит Мүсірепов туралы тірек сызба сызады
Ғабит Мүсірепов (1902 - 1985)

Қоғам қайраткері
Драматург
Жазушы
Б. Өтетілеуовтың шәкірті
Өнерге өнер төгумен, Өнерге өмір беруімен келген шебер

ә) «Автобиографиялық әңгімесінде» жазушының суреттеуіндегі сүйікті ұстазы Бекет Өтетілеуов туралы тірек – сызбаны сызады.
Бекет Өтетілеуов (1883 - 1949)

Педагог - жазушы
Ағартушы
Тамаша ұстаз
Аудармашы

б) ХХ ғасырдың бас кезіндегі ауыл өмірі, бала оқыту мен қазіргі Тәуелсіз Қазақстан, білім беру ісі жөнінде салыстырмалы әңгіме.
в) Ғабит Мүсіреповтің Б. Өтетілеуовтей сүйікті ұстазынан алған ықпал, әсері, өнегесі бойынша көзқарастарың қандай? (Оқушылардың көзқарасы)
Жаңа сабақ. «Тілін, дінін, әдет - ғұрпын сүйген Елін - жерін, Жамағат, жұртын сүйген Ұғымы мен ойы ортақ – Ұлы адамды. Одан қалған өмірлік мұраларды өшіре алмас ешкім де, сірә, мәңгі!!!».

Ауызша журналдың екінші беті. «1945 жыл. Қас қағым сәттегі алапат».
1945 жылғы 6 және 9 – тамыздағы Америка Құрама Штаттарының ІІ дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Жапонияны тізе бүктіру мақсатындағы Хиросима, Нагасаки қалаларына атом бомбасын тастағаны жөнінде мұғалімнің кіріспе әңгімесі тыңдалады.
(Үнқабылдағыштан мұңлы саз естіледі).
1945 жыл 6 – тамыз. Таңертең 8 сағат 15 минут. Хиросима.
1945 жыл 9 – тамыз. Нагасаки.
Бомба күші 20 мың тонна тринитротолуола.
Апат отының ыстықтығы – 300 000 градус.
Екі қалада 300 мыңнан астам адам 2 секундта қырылып қалды. Әлі күнге дейін радиоактивтік сәуле өткен адамдардың балалары, немерелері ауруға шалдығып өмірімен қоштасуда.
Журналдың үшінші беті. І топ «Арқаның әңгімесі». Оқушылар әңгіме мазмұнын қысқаша әңгімелейді. (Слайдтан адамның арқасының суреті көрсетіледі)
Журналдың төртінші беті. ІІ топ. «Көздің әңгімесі». Оқушылар әңгіме мазмұнын қысқаша әңгімелейді. (Слайдтан көздің үлкейтілген суреті көрсетіледі).

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама