Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сұраулы сөйлем
Тақырыбы: Сұраулы сөйлем
Сабақтың мақсаты:
білім – сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлерін түсіндіру;
дағды – оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулу;
құндылық – тілді аялай білуге тәрбиелеу, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: білім мен біліктілігін практикада қолдана білу
Әдіс - тәсіл: топтық, сұрақ - жауап, талдау, шығармашылық жұмыс
Көрнекілігі: сұраулы сөйлемге байланысты кесте, үлестірме қағаз, тест, бағалау парақшалары.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру:
а) сәлемдесу, түгелдеу;
ә) топқа бөлу, сабақтың мақсаты мен міндетін таныстыру.
Үй тапсырмасы.
Топпен жұмыс
1 - топ. «Сөйлем» тақырыбын ертегі құрастырып айту.
2 - топ. Хабарлы сөйлемге ребус (сөзжұмбақ) жасап келу.
3 - топ. Суреттер арқылы хабарлы сөйлемді түсіндіру.
Берілген сөйлемге талдау жасау.
Берілген сөйлемге талдау жасау.
1 – топ. Ата – ананың қадірін балалы болғанда білерсің. (Сөз құрамына
талдау)
2 – топ. Өзге сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. (Сөйлемге мүшелеріне талдау)
3 – топ. Білім - өмір шырағы. (Тіл дыбысына талдау)

Жаңа сабақ
Сызба кесте арқылы түсіндіру.
Сөйлем

Хабарлы
Сұраулы
Лепті
Бұйрықты
• Сұрау есімдіктері, ма, ме, ба, бе, па, пе шылаулары арқылы
Сыныпта қанша оқушы бар?

• Негізгі сұраққа жауап алу арқылы, ше шылауының қатысумен
- Кімдер келді?
- Апамдар.
- Атамдар ше?
• Екінші жақтың сөзін анықтап алу үшін қойылатын сұрақ (Интонация арқылы)
- Қайда оқисың?
- Мектепте.
- Мектепте?
- Иә, мектепте.
(Ережені оқушылар өздері қорытып шығарады).
Тапсырма. Сұраулы сөйлемнің жасалу жолына байланысты бір - бір мысал айтқызу.
Оқулықпен жұмыс. 20 – жаттығу. Хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыру.
21 – жаттығу. Сұраулы сөйлемге айналдыру.

Сергіту сәті (полиголт). «Жалғасын тап»
Мақал – мәтел айту, бір сөзін үш тілде айтқызу.
Шығармашылық жұмыс. «Тыныс белгілер сөйлейді».

1 – топ. Хабарлы сөйлемнің тыныс белгісі.
Оқушы: Ей, кішкентай ғана нүкте,
Сенің осы керегің жоқ – ау түкке?!
Керек болсаң айта қойшы,
Сырыңды менен бүкпе.

Нүкте: Мен сөйлемнің соңында тұрамын.
Солында емес, оңында тұрамын.
Сөйлемдердің жігін ажыратып,
Кідіріс белгі орнында тұрамын.

2 – топ: Сұраулы сөйлемнің тыныс белгісі
Оқушы: Аузыңды ашып сұрайсың да тұрасың,
Саған осы не керек?

Сұрақ белгісі: Маған, ең алдымен,
Сұраулық шылау керек.
Олар жазылуға тиіс бөлек.
Екіншіден,
Сұрау есімдіктері керек.
Олар қатысқан сөйлемдер соңында,
Ойлашы өзің, не келеді?
3 – топ. Сұраулы сөйлем ақындар поэзиясында.
Балалық өлді, білдің бе?
Жігіттікке келдің бе?
Жігіттік өтті, көрдің бе,
Кәрілікке көндің бе? (Абай)
Сабақты қорыту, бекіту.

Тест жұмысы.
Үлестірме сұрақтар.
Үйге тапсырма:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама