Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сәулет өнері
Тақырыбы: Сәулет өнері
6 сынып
Сабақтың мақсаты: Сәулет өнері жайлы мағлұматтар жинату. Оқушыларды сыни ойландыру арқылы сәулет өнерін ұғындыру. Алған білімдерін сурет салу барысында қолдануға, әсемдікке, ұқыптылыққа үйрету.
Әдісі: Сыни ойландыру, топпен жұмыс, бірін - бірі бағалауға үйрету.
Мұғалім іс - әрекеті
Оқушылар іс - әрекеті Ресурстар, көрнекі құралдар

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу.
Топқа бөлу (өткен сабақта құрылған топтар бойынша отырады )
Оқушылар 3 топқа бөлінеді

2. Үй жұмысын тексеру
1. Салған суреттерінен ерекше, талапқа сай салған оқушыны анықтау.
Оқушылар әрқайсысы үй тапсырмаларын ортаға қойып ішінен ерекше салынған суретті тауып, тақтаға іледі, себебін айтады.
2. Топқа берілген Қазақстандағы «Астана қаласындағы ең әдемі ғимараттар» тақырыбы бойынша сурет салу, мәлімет жинақтау, материалдар дайындау Әр топ өздеріне берілген тапсырмалары бойынша кім не жинақтады сол бойынша айтады.
3. Үй тапсырмасы бойынша өздерін бағалату үшін оқушыға сұрақтар қоямын. Оқушылар берілген сұрақтарға жауап бере отырып, біріне - бірі баға береді.
1. Кімді қалай бағалар едің?
2. Себебі? Неге?

3. Жаңа сабаққа ену
1. Жаңа сабаққа ену мақсатында оқушыларға сыни ойландыру мақсатында сұрақ қоямын.
Осы жасап келген тапсырмаларың өнердің қай түріне жатады? Жасаған жұмыстары сәулет өнері екенін табады.
2. Ендеше бүгінгі тақырыбымыз «Сәулет өнері» деп тақырыпты жазамын.
Әр кезеңдегі сәулет өнері туралы, сәулет стильдері туралы мәліметтер слайдтар арқылы көрсетіледі.
Суретті материалдар таратылады.
Оқушыларға «Колизей» амфитеатры, «Парфенон грек храмы», «Қ. А. Яссауи кесенесі» суреттері, романдық және готика стильінде салынға ғимараттар суреттері таратылады.
Топ бойынша талдау жасап, зерттейді. Суреттердегі сәулет өнерлері туралы баяндап береді. Интерактивті тақта.
Суреттер
3. Электронды оқулықтан сәулет өнері жайлы үзінділер көрсету. Бар ынтасымен зер салып тыңдайды, көреді.
4. Көрген үзінділерді сұрақтар қою арқылы талдату.
1. Сәулет өнері дегеніміз не екен?
2. Сәуле өнері дегенде көз алдымызға не келеді?
3. Өздерің сәулет өнеріне анықтама беріп көріңдерші? Сұрақтарға жауап береді.
5. Сәулет өнерінің дұрыс анықтамасын көрсетіп, ал енді балалар өздеріңнің айтқан анықтамаларыңмен салыстырып көріңдер, сәйкес келетін жерлері бар ма екен? Өз пікірлерін айтады, кемшіліктерімен жетістіктерін байқайды.
Интерактивті тақта.

4. Практикалық жұмыс
Әр топқа әр түрлі сәулет өнеріне байланысты фигуралар, қасбетін безендіру үшін керекті өрнек тағыда басқалар.. Оқушылар фигуралармен танысады. Фигуралар салынған суреттер
Осы фигураларды пайдалана отырып, топ болып сәулет өнеріне қатысты аппликация жасау арқылы ғимаратты дайындау. Топ болып жұмыс істеп аппликация жасайды. Топта талқылай келе тілек білдірген оқушы дайындаған жұмыстарын түсіндіреді. Плакат, пламастер, акварель, түрлі - түсті қалам. Дайын бөлікте

5. Сабақты бекіту
Сабақтан не үйренгендерін анықтау үшін «Білемін? Білгім келеді? Үйрендім?» кестесін толтыртамын. Өздері бүгін не білгені, үйренгені, нені білгісі келетіндіктерін жазады. Кестенің үлгісі, ақ парақ.

6. Бағалау
Топ лидеріне сұрақтар қою арқылы өздерін бағалату.
Топ ішінде кім белсенділік көрсетті?
Сурет салу барысында кім белсенділік танытты?
Қандай пікір қосты? Сұрақтарға жауап бере отырып өздерін бағалайды

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама