Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Іскерлік қатынастағы жазбаша құжаттар
Қазақ тілі 10 сынып
Сабақтың атауы: Іскерлік қатынастағы жазбаша құжаттар
Мақсаты: Іс - қағаздардың түрлері мен тілдік құрылымдық ерекшеліктерін меңгерту, өзіне тән стильдік, лексикалық ерекшеліктері, қолдану аясы, атқаратын қызметі жөнінде толық мәлімет беру.
Оқу нәтижелері: Кеңсе қағаздарын қазақ тілінде жүргізудің тарихын саралайды. іс жүргізу терминдері мен ресми іс - қағаздары стилін меңгеру арқылы білікті маман болуға талпынып, кәсіпке бейімделеді.

Көрнекілігі: Әдебиет оқулығы, Бейне таспа
Қолданылатын стратегиялар: “Миға шабуыл”, “Мағынаны тану”,: “Топтастыру ”, “Сатылай кешенді талдау сергіту сәті т. б. “Екі жұлдыз, бір тілек”, “Сұрақтары бар қорап”, “Басбармақ” т. б.

Үй тапсырмасын сұрау
Қызығушылықты ояту Жаңа қызметтеріңізбен таныспас бұрын біз үйге берілген тапсырманы пысықтап алайық. Олай болса қазір сұрақ қойылады, әр топ жылдамдық бойынша жауап береді, сұрақтардың көбіне жауап берген топ ұпай саны арқылы сыйақы алады.
Үй жұмысы: (сұрақ жауап арқылы)

Жаңа тақырып бойынша топтарға тапсырмалар беріледі.
Жаттығу жұмыстары:
Әр топтың бас мамандары іс сапарға жіберіледі. Мына жерден келіп іссапарға жіберілетін бұйрықты алып жұмыс істеулеріңізге болады.(тақтада сөйлем талдау)
87 - жаттығу.
ІІІ топ: Мектепішілік «Кітап әлемінде» шарасының өткізілуі турасында бұйрық үлгісін жасау.
І топ: Мектепаралық спорт сайысы жөніндегі есеп беру үлгісі
ІІ топ: Мектептің радиоторабының ақпараттар бөліміне мектеп өміріндегі оқиғалар жөнінде хабарламалар даярлау.
ІV топ
88 - жаттығу. Түйіндеме жазу. М. Мақатаевтың « Менің анкетам» өлеңі бойынша толтырылады.

М. Мақатаев Менің анкетам атты өлеңі
Туған жерің?
– Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
– Туған жылың?
– 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
– Жынысың кім?
– Еркекпін ғой, еркекпін!
Және - дағы тәуірмін...
– Партияда барсың ба?
– Жоқпын.
Бірақ коммунистік көзқараспен қараймын.
– Шыққан тегің?
– Шаруамын.
Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
– Білімің ше?
– Орташа ғой.
Алайда өзім жоғарыға балаймын.
– Ана тілің?
– Қазақша.
Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.
– Қайда істедің?
– Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.
Оқымаған, дипломсыз демесең,
Бір басымнан бар мамандық табылар.
– Міндеттісің бе әскерге?
– Міндеттімін.
Біздің әлі жас кеуде.
Жауынгердің ұлымын ғой,
Жанын қиған Мәскеуге.
– Сөгіс алып көрдің бе?
– Ол жағынан періште едім дей алмаймын
Мен мүлде.
Ойлы - қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету,
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...
– Шетелдерде болдың ба?
– Болғаным жоқ.
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,
Осы отырған орнымда - ақ.
– Мекен - жәйің?
– Мекен - жәйім – жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!

ШҚО, Аягөз қаласы,
«К. Бозтаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»КММ
Мұғалім: Жумагулова А.
Іскерлік қатынастағы жазбаша құжаттар жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама