Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтың тақырыбы: Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың сабақтас сөйлем туралы түсініктерін кеңейту, себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдарын жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды елдікке баулу, еңбекке, ынтымаққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың сабақтас сөйлемнің түрлерін ажырата алу дағдыларын қалыптастырып, сөйлем мүшелеріне талдау дағдыларын арттыру
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелер, тест сұрақтары.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, түгендеу, сұрақтар арқылы назарларын сабаққа аудару.
1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
2. Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?
3. Салалас құрмалас дегеніміз не?
4. Сабақтас құрмалас дегеніміз не?

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
133 - жаттығу. Берілген сөйлемдердің басыңқы сыңарларын өздерің ойлап тауып, мезгіл бағыныңқылы сабақтас жасаңдар.

1. Тыстағы жұмыс біткен кезде,...
2. Үшеуі үйге кірген соң,...
3. Ол үйге қайтып келісімен,...
4. Ботагөз саусағымен нұсқаған дәптердің бетіне Асқар көзін салса,...

ІІІ Білімдерін тексеру кезеңі.
Берілген сөйлемді синтаксистік талдау жасаңдар.
/ Ол үйге қайтып келісімен, кітаптан бас алмады./
1. 1. Хабарлы сөйлем.
1. 2. Құрмалас сөйлем, сабақтас, мезгіл бағыныңқы сабақтас.
1. 3. не істеді? – бас алмады, күрделі, етістікті, жедел өткен шақ тұлғалы - баяндауыш.
Неден бас алмады? – кітаптан, дара, зат есімді, шығыс септік тұлғалы – жанама толықтауыш.
Не істесімен? – қайтып келісімен, күрделі, етістікті, көсемше тұлғалы – баяндауыш.
Кім үйге қайтып келісімен? – ол - дара жіктеу есімдікті – бастауыш.
Ол қайда қайтып келісімен? – үйге - дара, зат есімді, барыс тұлғалы – жанама толықтауыш.
1. 4. Ол қайтып келісімен - етістікті тіркес, байланысу түрі – қиысу, тәсілі – орын тәртібі.
Үйге қайтып келісімен – етістікті, түрі меңгеру, тәсілі – жалғаулықты.

ІҮ Мақсат қою кезеңі.
Сабақтың тақырыбын тақтаға жазып, мақсатын түсіндіру.

Ү Жаңа сабақты түсіндіру.
Себеп бағыныңқы сабақтас
Бағыныңқысы басыңқыда айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтастың түрі.
М: Жұмыстың ең ауыры осында болғандықтан, Ермек мұнда әдейі тіленіп келді.
Сұраулары: Неліктен? Не себепті? Неге? Не деп?
Себеп бағыныңқының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады.
Есімшенің өткен шақ формасына – дықтан, /дық+тан/ деген жұрнақ пен жалғаудың қосылуы арқылы жасалады.
Есімшенің өткен шақ формасына соң шылауы тіркесуі арқылы жасалады.
Көсемшенің – й жұрнағына біткен болымсыз түрінен жасалады.
Ашық райлы етістікке деп көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады.
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама