Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Жырдағы Қыз Жібек, Төлеген бейнесі
Қазақ әдебиеті 8 сынып (өзбек сыныбы)
Сабақ тақырыбы: Жырдағы Қыз Жібек, Төлеген бейнесі
Сілтеме: Қазақ әдебиеті, 8 сынып, хрестоматия
Жалпы мақсаттар: Тақырыпты тереңдей ашып, шапшаң ойлауға, ұтымды жауап беруге, салыстыра білуге, өзгенің жауабын бағалай білуге дағдыландыру.
Оқыту нәтижесі: Сөздік қорын молайту, дүниетанымын кеңейту, сыни ойлай білуге дағдылануы.
Негізгі идеялар: Төлеген - асқақ, адал махаббат иесі, сертіне берік батыр жігіт.
Дереккөздер және жабдықтар: «Қыз Жібек» фильмінен үзінді, суреттер, сызбалар, т. б.
Тапсырмалар:
• «Ыстық орындық»
• Бейнекөрініс. Мәтінмен жұмыс.
• Ойлан – топтас – талқыла.
• "Кім тапқыр"

Сынып оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Сыныпты 3 топқа бөлу.

"Ыстық орын" 3 топтан жырдан үзінді жаттаған оқушылардан сұралады.

Қызығушылықты ояту
Бейне көрініс
«Қыз Жібек» фильмінен көрініс тамашалау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Мәтінмен жұмыс «Кім жылдам?»
І – топ: Бата туралы не білесіңдер? Теріс бата дегеніміз не? Жырда Төлегеннің әкесінен теріс бата алуы оның болашақ өміріне әсер етті деп ойлайсыңдар ма?
ІІ – топ: Төлегеннің әкесін тыңдамай кетуі дұрыс па? Халқымыздың дәстүрі бойынша ұл әкенің айтқанын тыңдайды емес пе? Қазіргі заманда балалар ата – анасының айтқанына құлақ аса ма?
ІІІ – топ: Жібек пен Төлегеннің арасындағы адал махаббат қазіргі заманда бар ма? Қазіргі заманда Жібектер бар ма?

Мағынаны тану
"Ойлан - топтас - талқыла"
1 топ Қыз Жібек бейнесі.
2 топ Төлеген мен Бекежанды салыстыру.
3 топ Төлеген бейнесі.

Сергіту кезеңі.
«Жер өңдеу»
Ой – толғаныс. «Кім тапқыр?»
І – топ: «Егер мен Бекежан болсам....»
ІІ – топ:" Жібек пен Төлегеннен интервью алу".
ІІІ – топ:. "Бата беру"

ОҚО, Сайрам ауданы,
№ 10 «Қарабұлақ» жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Адахамова Халисхан

Жырдағы Қыз Жібек, Төлеген бейнесі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама