Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран
Сабақтың тақырыбы: Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран
Сабақтың мақсаты:
білімділігі: Оқушыларға халық қаһарманы Ғ. Байтасов өмірі мен өнегелі ісін жас ұрпаққа насихаттау, елі үшін туған есіл ердің ерлігін ұлықтау арқылы бейбіт өмірдің мәнін ұғындыру.
дамытушылығы: Жеке тұлғаның зияткерлік дамуын өз бетінше іздену, оқу арқылы қалыптастыру, жеке тұлғаның зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту.
тәрбиелігі: халық қаһарманының халқына сіңірген еңбегін, ерлігін үлгі ету, оқушылар бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ғ. Байтасовтың портреті, слайдтар, ерлік пен елдік туралы қанатты сөздер.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Мұғалім сөзі:
- Бұл күні елді үрейге бөлеген жиһадшы М. К. Қариев қару - жарақ дүкендерінің біріне қарақшылық шабуыл жасап, ақыр соңында өзін - өзі жарып жіберді. Сол кезде жол полициясының взвод командирі, капитан Ғазиз Байтасов қылмыскерді өз денесімен жауып, ерлікпен қаза болды.
Естеріңізде болса, М. Қариев, ең бірінші, Мазда - 626 көлігінің иесі Закировқа қарақшылық шабуыл жасап, қорқытып, көлігін тартып алады. Осыдан кейін қару - жарақ дүкеніне шабуыл жасап, күзетші В. Федорченконы өлтіріп, Н. Е. Оразбасовты ауыр жарақаттады. Сосын жартылай автомат және «Сайга» қаруын иемденіп, тайып тұрды. Өзін аңдып жүрген екі полиция сержанты П. К. Аямқұлов пен Н. А. Бәйсейітовты өлтіріп, олардың табельдік қаруын алғаннан кейін Қариев өзінің тұрғылықты жеріне барып, РПГ - 26 гранотометын алып шығады. Одан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті ғимаратының қабырғалары мен терезелеріне атады. Бұл жерде адам өлімі орын алмаса да, ғимарат біршама қирады. Ал сағат 12: 45 - тің шамасында Қариев полиция патрулінің екі қызметкерін жарақаттап қашады. Өз кезегінде жол полициясы қызметкерлері оны жаралап, қолға түсіруге ұмтылған кезде, Қариев гранатаны алып шығады да, іске қосады. Оны көрген капитан Г. Байтасов қылмыскерді өз денесімен жауып, ерлікпен қаза болды. Полиция сержанты С. С. Алашов болса, қатты жарақаттанды.
Бүгінде Тараздағы теракті кезінде қаза болған құқық қорғаушылардың құрметіне естелік тақталар орнатылды. Ал капитан Ғазиз Байтасовтың құрметіне бюст қойылып, қала көшелерінің бірі батырдың есімімен аталды. Сондай - ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен мәңгілік ұйқыда жатқан капитан Ғ. Байтасовқа «Халық Қаһарманы» атағы берілді.
ІІІ. Слайдпен жұмыс «Ғазиз Байтасов - ел үшін туған есіл ер»

1 - оқушы:
- Ғазиз Байтасов 1971 жылы 3 сәуірде Жамбыл облысы Байзақ ауданы Түймекент ауылында дүниеге келген. Атпал азамат көзі тірі болғанда 43 жасын ағайын - туыс, достарымен атап өтер еді. Көзі тірісінде өз ісіне деген адалдық, қызметіне деген жауапкершілік үлгісін танытқан Ғазиз құзырлы орын саласында еңбек ете жүріп 28 рет марапатқа ұсынылыпты. Күні - түні таңдаған кәсібінің ауыртпалығын аса ұқыптылықпен сезініп, отбасы мен бауырларына деген қамқорлығын әсте еш төмендетпеген Ғазиздің азаматтық тұлғасы бүгінгі ұрпаққа ұлағат.

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама