Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Қыз Жібек жырынан үзінді
Лиро - эпостық жырлар
“Қыз Жібек” жырынан үзінді
Атыңнан айналайын қазақ деген,
Қазағымның жырларын ғажап дер ем.
Қыз Жібектей қыздары ару болса,
Төлегендей ұлдары батыр дер ем.

Сабағымыздың мақсаты:
1. Тақырыпты терең талдау, идеясын жан – жақты айқындау.
2. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік пікірлерін ортаға салуға, талдай білу дағдыларын қалыптастыру.
3. Әдептілікті, әсемдікті бағалай білуге тәрбиелеу.

Қыз Жібек
Жыр → Халық ауыз әдебиеті
Опера → Композитор Е. Брусиловский. 1934 ж.
Көркем фильм → Режиссер С. Қожықов 1972 ж.
1. “Қыз Жібек” операсында Жібектің ариясын орындаған әнші қыз кім?

«Қыз Жібек» жыры туралы
«Қыз Жібек» жырына 500 жыл.
«Қыз Жібек» жыры – қазақтың ең көне мұра - ларының бірі, лиро - эпостық дастандарының ішіндегі ең көркемі. «Қыз Жібек» жыры - аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері - Төлеген мен Жібек бірін - бірі шын сүйген ғашықтар, бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды. Жібек бейнесі - сұлулық пен әсемдіктің символы, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіш.
1971 жылы Ғабит Мүсірепов сценарий бойынша Сұлтан Қожықов «Қыз Жібек» фильмін түсірді. Төлеген мен Жібек рөлдеріне Құман Тастанбеков және Меруерт Өтекешева таңдалды.

Қыз Жібек жырынан үзінді. слайдты жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама