Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Көктем келді
Білім беру саласы: «Таным»
Тақырыбы: «Көктем келді»
Бөлімі: «Экология»
Мақсаты:
• Балалардың табиғатта көктемде болатын өзгерістер туралы түсінігін кеңейту. Балаларға көктем мезгілінің ауа - райының, адамдардың киімдерінде, қарапайым табиғи өзгерістерді байқауға үйрету. Қоршаған әлемнің әдемілігі мен оған деген қамқорлық қарым - қатынасқа байланысты мейірім сезім, құмарлық қасиеттерге тәрбиелеу. Балаларға табиғат пен ауа - райын бақылау нәтижелерін тілдік сөйлеу арқылы жеткізуін үйрету.
Әдіс тәсілдер: Тәжірибе, саяхат, құрастыру, жапсыру.
Қостілділік компонент: Су - вода, құм - песок, мөлдір – прозрачный

Тәрбиешінің әрекеті
Психологиялық сәт: «Ауа райы» ойыны:
Күн ұйықтады
Күн оянды
Жел тұрды
Бұлт шатырлады
Жаңбыр жауды
Жаңбыр басылды
Күн ашылды
(Балалар алақандарын түйістіріп, бір біріне жылу таратып, күлімсірейді)
Ғажайып сәт: үстел үстіндегі «Сыйқырлы қақпалардың»пайда болғанын көріп, оның қалай пайда болғанын іздеп, бұрыштан жабулы тұрған заттың бетін ашып балалардың назарын аударып, астынан хат пен сыйқырлы таяқшаны табу. Хаттың «Табиғат анадан»екенін, бірнеше тапсырмалар берілгенін, оны орындаған кезде қақпалардың ашылатынын хабарлау. Қақпалардың қола, күміс, алтын екенін айту.

I тапсырма:
1) Жылдың қай мезгілі?
2) Көктем мезгілінде ауа - райы жылып, күн несін шашады?
3) Қар еріп, жер кеуіп, жерге нелер шыға бастайды?
4) Қандай құстар ұшып келеді?
Міне балалар сендердің көктем мезгілі туралы берген жауаптарыңа, «Табиғат ана»риза болып өзінің қола қақпасын ашады деп, - таяқты тигізіп, қақпаны ашу.

II тапсырма:
Қола қақпанын ішінен конвертті алып, оқып, «Табиғат сыйы», табиғат дегеніміз не? – деген балалардың жауабынан (аспан, ай, күн...) кейін, міне балалар осындай әсем табиғатты жақсы көріп аялау керек. Осы табиғаттың бір түрі сумен тәжірибе жасаймыз. Ол үшін судың түрлерін атаумыз керек. Судың түрлері(тұман, жаңбыр, қар, мұз, шық) Міне сендердің алдарында су, құм тұр. Бүгінгі оқу іс - әрекетінде таза судың қалай ластанатынын бақылаймыз. Су - вода, құм - песок, мөлдір - прозрачный.
1) су қандай?
2) судың түсі барма?
3) Құмды суға салғанда, су қандай күйге айналады? Балаларға «Өзен жағалауына»барып көктемгі табиғатты, өзендегі суды бақылауға баратындарын айтып, көздерін жұмғызу, автобуста дем алып кейін, көздерін ашып, автобустан түсулерін айту. Өзендегі көңілсіз жағдайды көріп, оның айналасындағы қағаз, қоқысты жинатып, уақ тастарды тәжірибе жасауға жинап алуларын түсіндіру.
Сергіту сәті:(Бала бақшаға табиғатты бақылап, серуендеп баратындарын айту) Жаңа оқу іс әрекетін нығайту.
Көктемгі табиғатты қима суреттер арқылы құрастырып, күміс қақпаны ашу.

III тапсырма: табиғатты аялап, ондағы тіршілікті бүлдірмеу үшін тыйым сөздер айтқызу. «Көктемгі бақбақтар» әдемі гүлдерін жапсыртып, ұжымдық жұмыс жасату, көктемнің алғашқы гүлдерін атау, тақпақтарын айту. «Табиғат ана»ризашылығын білдірді деп, - алтын қақпаны ашу. Алтын қақпа ішінен, алтын сандық шығару.

IV тапсырма:
Алтын сандық ашылу үшін білетін ертегілердің аттарын ататқызып, сандық ішіне жұмыртқаны шығарып, балапанды көрсетіп, «Табиғат сыйы» дегеніміз осы деп, оқу іс әрекетін аяқтау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама