Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қ дыбысы және әрпі
Сабақтың тақырыбы: «Ққ» дыбысы және әрпі
Сабақ мақсаты: Қ дыбысымен таныстыру, қ дыбысынан басталатын сөздер құрату. Жұмбақтарды ойланып шеше білуге үйрету. Жұмбақ құрастыру арқылы сөздік қорларын молайту. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, суреттер
Әдісі: әңгімелесу, сұрақ - жауап, ертегі.

Тәрбиешінің іс - әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері
Өткен сабаққа шолу жасау.
«Ой қозғау»
- Дыбыс және әріп дегеніміз не?
Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
О дыбысы кездесетін сөздер айт.

Жаңа сабақ:
Біз бүгін ертегілер еліне саяхат жасаймыз.
«Бауырсақ» ертегісін айтып беру.

І. Қоянның тапсырмасын орындаймыз.
Жұмбақтардың шешуін тап.
Сөздерді буынға бөл.
Балалар біз бүгін қандай дыбыспен танысамыз?
Қ - дыбысы кездесетін сөздер айт.
Қ - дыбысы қандай дыбыс?
Суреттер көрсету.

ІІ. Қасқырдың тапсырмасы:
«Қ» әрпін жазып бер.
«Қ» әрпінің баспа, жазба түрлерімен таныстыру.
Ауада жаздыру. Дәптерде жаздыру.

ІІІ. Аюдың тапсырмасы:
Сергіту сәті
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Сөздерге дыбыстық талдау жаса. Қала, қара.

ІV. Түлкінің тапсырмасы:
1. Мына суреттерге қарап өзің қалаған суретіңе жұмбақ құра.
2. Сурет бойынша әңгіме құра.
Біз бүгін бауырсақты аман алып
қалдық. бауырсақ бізге хат жазып жіберіпті. Сабаққа толық жауап берген оқушыларға жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыштар тарату.
Нені игерді? «Қ» дыбысын толық игеру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама