Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Логиканың негізгі түсініктері
Информатика 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Логиканың негізгі түсініктері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларды логика ұғымымен, логиканың түрлерімен таныстыру.
Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын дамыту.
Тәрбиелілігі: ізденімпаздыққа, топпен жұмыс жасауға үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу
2. Түгелдеу

Үй тапсырмасын тексеру.
Санау жүйесі
Сыныпты фигуралар бойынша үш топқа бөлу.
1 - топ Санау жүйесі
2 - топ Позициялық санау жүйесі
3 - топ Позициялық емес санау жүйесі

Жаңа сабақ.
Логика сөзі гректің “Logos” – ой, сана, сөз деген сөзінен шыққан. Логика – ақиқатқа, шындыққа көз жеткізу үшін қалай дұрыс ойлау керектігін, ойлаудың заңдары мен ережелерін зерттейтін ғылым. Егер хабарлы сөйлемнің ақиқат немесе жалған екендігі туралы айтуға болатын болса, онда оны пікір деп атаймыз.
Пікір деп ақиқат немесе жалған екенін тұжырымдауға болатын, мағынасы бойынша аяқталған сөйлемді айтамыз.

Логика – ойлау формалары мен заңдарын зерттеу, пайымдау әдістері мен дәлелдеу, пікірлер және оның байланыстары туралы ғылым.
Логиканың негізін салған ежелгі грек ойшылы – Аристотель (б. з. д. 384 – 322жж.). ол адам ойына және оның формаларына, атап айтқанда, ұғым, пікір, ой қорытындысына талдау жасап, ойлауды формальді жағынан (құрылым қалыптасу) қарастырды. Осының негізінде формальді логика пайда болды.

Формальді логика – талдау сұрақтарына жауап беретін, логикалық операциялар мен ойлау ережелерін зерттейтін ғылым.
Ықтималдық логика – кездейсоқ параметрлермен жасалатын сынақтың бірнеше серияларын қолдануға негізделген.

Пікір дегеніміз – жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. Мысалы, «Қара – ақ», «22=4» деген ақиқат, ал «тау тегіс», «22=5» деген – жалған пікірлер.
Егер пікір айтылған ой объектілерінің кез келгені үшін рас болса, онда жалпы пікір тепе - тең ақиқат деп аталады. Мысалы, «иттің төрт аяғы бар» пікірі кез келген ит үшін рас.
Күрделі жағдайларда сұрақтардың жауабы ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС логикалық жалғаулықтарын пайдаланып, құрамды пікірлер арқылы беріледі.

Логикалық жалғаулықтардың көмегімен басқа пікірлерден құрастырылған пікірлерді құрамды деп атайды. Құрамды емес пікірлерді қарапайым немесе элементар деп атайды.
Құрамды пікірдегі ЖӘНЕ жалғаулығы әрқашан құраушы пікірлердің бәрін ақиқат деп ұйғарады. Барлық компьютерлік бағдарламада және математикалық пайымдауда НЕМЕСЕ жалғаулығы тек біріктіруші ролде түсініледі. ЕМЕС жалғаулығы теріске шығаруды тұжырымдау үшін қолданылады.

Қарапайым пікірлер логикалар алгебрасында латынның бас әріптерімен таңбаланады:
А = {Абай – қазақ халқының ұлы ақыны}. В = {А. С. Пушкин – ұлы математик}.
Ақиқат пікірге 1 саны, жалғанға 0 саны сәйкес қойылады. Сондықтан А=1, В=0. Құрмалас пікірлер табиғи тілде пікірлер алгебрасында логикалық амалдармен алмастырылатын «және», «немесе», «емес» сөздері арқылы құрылады. Логикалық амалдар ақиқаттық кестесімен беріледі және графикалық түрде Эйлер - Венн диаграммасы көмегімен бейнеленеді.

Сабақты бекіту. Кітап бойынша практикалық жұмысты орындау.
1 - топ Ақиқат пікір
2 - топ Жалған пікір

Кесте толтыру.
Пікірлер табиғи тілде берілген
Пікірлер формалдық тілде берілген
Пікірлерге сипаттама

Үй тапсырмасы.
Логиканың негізгі түсініктері. Логиканы зерттеген ғалымдар.
Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау. Жаңа материалды пысықтау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама