Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Информатика 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларды графикалық редактормен жұмыс істеуге, құрал - саймандарын тиімді пайдалануға, үйрету
Дамытушылығы: оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелілігі: шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютерлер

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу 2. Түгелдеу
Үй тапсырмасын сұрау.
Кітап бойынша кесте толтыру. Сәйкестендіру тестін орындау.
Жаңа сабақ.
Рaint графикалық редактор.
Графикалық редактор - графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазіргі кезде нүктелік (немесе растрлық) және векторлық деп аталатын графикалық редакторлардың екі түрі белгілі. Нүктелік графикалық редакторларда кез - келген сурет пиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бейнелер (мозаика) арқылы салынады, ал нүктелердің әрқайсысы түрлі түске бояла алады.
Paint (Paintbrush) - Windows жүйесінің стандартты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан профессионалды графикалық редакторлардан біршама төмендеу болғанымен ол едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі - түсті және ақ - қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды (чертеждер) даярлауға мүмкіндік береді. Бұл редакторды игеру онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өңдеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалық форматында сақталады.

Практикалық жұмыс:
1. Paint графикалық редакторын ашу жолдарын түсіну;
2. Құрал - саймандар тақтасымен танысу;
3. Фигураларды сызу, қию жолдарын үйрену.
4. Қалаған тақырыпқа сурет салу. Шығармашылық жұмыс.
5. Суреттерді сақтау, ашу, жаңа бет ашу жолдарын үйрену.

Сабақты бекіту. Жұптық жұмыс. Оқушылар бір - бірін бағалайды.
1. Қандай графикалық редакторларды білесіз?
2. Paint графикалық редакторының мүмкіндіктерін ата
3. Paint графикалық редакторы қалай іске қосылады?
4. Түстер палитрасы не үшін қажет?
5. Саймандар панелінің қызметі?
6. Батырмаларға сәйкес олардың қызметтері қандай?
7. Суреттерді сақтау үшін қандай әрекеттер орындау керек?
8. Сақталған суреттерді ашу үшін қандай әрекеттер тізбегі орындалады?
9. Жаңа бет ашу әрекеттерін ата

Үй тапсырмасы. ДК - мен жұмыс.
Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау, жаңа материалды пысықтау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама